ВЕРНУТЬСЯ

    Өзгермейтін жұмбақ көп, еске сақтар,
Екіндіде жалқын түс көкте қаптар.
Қас қағымда өзгеріп алуан түрлі,
Сан - алуан түр салады,
Кешкі бұлттар!
Кешкі бұлттар,
Аспанның батысында,
Қарайсың жүріс-тұрыс, жатысына
Мал-жәндікке ұқсайды-
Адамға да
Құпия көп, өмірдің ағысы ма?!
Адамдардың ұқсайды түр - түсіне,
Мінезіне, тұрысы-білесің бе?
Қарап тұрып, кешкі бұлт 
көшкініне
Түседі өткен өмір, бәрі есіңе.
Бәрі де еске түседі, өткен көктем,
Қар, Жаңбырды аспаннан көктен төккен.
Адамбыз ғой-Адамбыз,
Ала - құла,
Не деген көп-алдағы, өткел неткен!
Кешкі бұлттар- көштердің сағынышы,
Жұмбақ күшке құпия бағынышта.
Қараймын күнде кешке,
Өздеріңе
Жүрегіме құйып ап бар-ағысты!