ВЕРНУТЬСЯ

       Түстің екен - күреске,
Айлаңды асыр - күшіңмен.
Кірістің бе бір іске
Күрмеуін шеш - тісіңмен.
Бөркің төрге ілінбес,
Басына жет - биліктің.
Жүлде алғаны білінбес
Жаршысы жоқ - жүйріктің!
Сабыр сақтап тоқтасаң
Басыңнан сөз аспайды.
Жүрген жерде - мақталсаң
Сырын ешкім - ашпайды.
Есе даулап - өшікпе,
Жүрегіңе жүк артып.
Үре білген - күшік те
Төбеттерден - тым артық!