ВЕРНУТЬСЯ

        Талғамыңа сай келсе - тас жұтасың
Тас жұтасың,
Тауды да қылғытасың.
Тоймайды - көз,
Ашқарақ көңіл-қарын
Дүниеге байлайды құл ғып басын.
Қызыққа,
Рахатқа,
Құшақ ашып,
Ізгіліктің ізіне дұзақ басып.
Тиянақсыз құлқынның - жетегінде
Ұрпағыңа жүресің азап тасып.