ВЕРНУТЬСЯ

      Қараөткелде, Ақмола,
Тұрған Бабам - жалауы.
Целинаград - бұл қала
Астананың - атауы!
Өткенменен, кеткеннің,
Өнегесі - өрісті.
Бұл қалаға жеткеннің
Жүрген жолы жемісті.
Арғын жайлап - аспандай,
Қыпшақ жаққан - жұлдызын!
Керей, Уақ - ақ маңдай
Найман жапқан - құндызын!..
Құт мекені - Қазақтың,
Жер ұйығы аталған.
Туын тігіп - азаттық
Бар Әлемнен - бата алған!
Арғы бетпен, бер
жақты,
Жалғастырған - Көпірлер!
Салмақты ісі - жан- жақты
Астанама -
Өмір бер!