Не жазып ем,
Құдай-ау, мен
қазаққа,
қазаққа,
Мүбтала ғып
салғандай бұл азапқа?!
салғандай бұл азапқа?!
Адамшылық есебіне
кірісіп,
кірісіп,
Қолы жетсін
дегендік пе азатқа?
дегендік пе азатқа?
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім
жақын емес, алысқа.
жақын емес, алысқа.
«Өзге жұрттар
өрге қадам басқанда, -
өрге қадам басқанда, -
Дедім, - сен де
қатарыңнан қалыспа!»
қатарыңнан қалыспа!»
Бар ма, қазақ, мұнан
басқа қылғаным?
басқа қылғаным?
Неңді шаштым,
неңді бұздым, былғадым?
неңді бұздым, былғадым?
Аштан өлген
аталарың бар ма еді,
аталарың бар ма еді,
Тамақ үшін сатқан
иттер иманын.
иттер иманын.
Көң тасыған көк есектер, бәріңе,
Қалдырмастан
жағалай жас-кәріңе,
жағалай жас-кәріңе,
Үрім-бұтақ
нәсіліңе қалғандай
нәсіліңе қалғандай
Нық басылар
кетпейтін мөр тәніңе.
кетпейтін мөр тәніңе.
Бәрінді де іздеп қарап көрермін,
Тапқанымды тастамаспын, терермін.
Миллат үшін
еңбектері сіңген деп,
еңбектері сіңген деп,
Өсиет қып, кейінгіге берермін.
Асықпаңдар!
Артымызда қазы
бар,
бар,
Тергеп талай,
сүйектерің қазылар.
сүйектерің қазылар.
Пайғамбарды сатып отыр тілла алған,
Яһудамен бірге аттарың жазылар.
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға
асқаны, атқаны.
асқаны, атқаны.
Маған ауыр
осылардың бәрінен
осылардың бәрінен
Өз ауылымның
иттері үріп, қапқаны.
иттері үріп, қапқаны.
- 106 просмотров