ВЕРНУТЬСЯ

Көзім жетті кеткеннің келмесіне.
Бір көруді көкседің сен несіне?
Тамшылар да теңселіп бара жатыр,
Ұшып кете алмай не Жерге сіңе.
Теңіздейін тербелді ой-теңдесі не?
Сенейін бе? Қоймадың сенбесіме.
Төпеп тұрған тағдырдың боранына
Қарсы жүрген кездерім келді есіме.
Жаңбыр кетер-тағатсыз таң да асығар.
Қыраны бар, ғұмырдың қарғасы бар.
Өкініштер кетсінші меніменен,
Қуаныштың болсыншы жалғасы бар...