ВЕРНУТЬСЯ

Бейіті Қарақұмда қалған бауырым                    
Гүлсімге 
...Күліп келіп
гүлді еске салдың да,
Мәнін таппай
Мәңгі кетіп қалдың ба?
Сенің сәби
саусағыңның дірілі-
Бейітіңді айнала
өскен шалғында...
Сезілсе де
 сәуле - тәтті, жел-
ессіз.
Менменсіген
Мына Сіз де елессіз.
Ай мен Күнге,
Аспан, Жерге айналдың,
Қырда сен боп
Көрінеді көмескі із...