ВЕРНУТЬСЯ

1990 жылы Ақтау қаласында өткен алғашқы «Қыз сынында» оқылған сынаққа түскен қыздардың Кіріспе сөзі Қандаймыз біз: мықты әлде нашармыз,Өмір жалғап, іздеріңді басармыз.Той тойлатып, думандатып бір күні,Ата-ананың жоралғысын жасармыз. Қандаймыз біз: көріңіздер ал бүгін,Ақылды да, ажарды да – барлығын.Сұлулықты қыз атынан құшақтап,Алып шықтық алдарыңа бар мінін. Болса-дағы ниет түзу, арман ақ,Ой-қиялға бітірсе де ән қанат.Замананың сан бұралаң жолдары,Бізді-дағы кетті анық таңбалап.Десек-тағы заманымыз жаңғырды,Табылмастан дұрыстыққа мәңгі үлгі.Өз халқының әдебінен қол үзіп,Ана тілден айырылды сан құрбы. Ата-ана, сендерден жоқ жан ыстық,Құшағыңда қуанышпен табыстық.Бірақ қайдан шықты қыздар тұратын,Қазақпын деп айтуды да намыс қып!? Сана қандай, мініміз бар қаншалық,Салмақтайық алуан ойға жан салып.Ата-ана, бірге толқы бізбенен,Ренжіме, қала алмасаң тамсанып.Ойла!Ойла тек бізде ме бар кінә!?Тыңда! Қара!Мүкіс кетіп, қалғыма!Бойжеткен боп, есейдік деп қыз болып,Тұңғыш рет шығып тұрмыз алдыңа. Талшыбық қыз,Шынар қыз бен қайың қыз,Өздеріңнің Күндеріңбіз, Айыңбыз!Қандаймыз біз?!Ал салыңдар сарапқа,Қарсы алыңдар,Сындарыңа дайынбыз...