ВЕРНУТЬСЯ

          Менің тұнық сезімім

өзіңді сағынғанда,

соққандай ағын жарға

қара жердің бетінде сенделтеді,

сонда мені дәру жоқ емдер, тегі.

Желімделген жаныма

құтылсам бұл аңсаудан,

адамдай қыран сауған,

атан сойып бір тойды жасар едім!

Бірақ жүрек табады қашан емін?

Өзіңе ғашықтығым

ешкімге ұқсамайды.

Қарпиды мұз самайды.

О, Жасаған! Сүйе алар жүрек беріп,

неге маған сүюді мұң еткенің,

дәл осындай қасірет тілеп пе едім?

1979