ВЕРНУТЬСЯ

Сендей-сендей ақсақтарды нан қыла да білемін
Сен темір болсаң,
Ақ алмас қой мынау семсер ай қасқа.
Екі қанжар жата ала ма бір қын - жаңғыз ұяда,
Екі батыр, сірә да
Жер бетіне сия ма?!
Көк найзаны бір былғайын
Сенің жоның майлы еді,
Көк семсерді бір сүртейін
Сауыр терің
Мақпалдан да, басқаңнан да
Жайлы еді.
Құйын болып құйылып кеп бір күні
Қара қүрым қамалыңды қара кұл қып көтермін.
Алма мойын ару қызың бұлбұлды
Күлге жығып, көпке күлкі етермін.
Жоқ!
Енді бос сөз бұның бәрі.
Адыра қалған Алматауды
Талақ қылып кетемін.
Талшық етіп егіп тары
Жарлы ауылда бір жақыбай
Жабығумен өтемін.