Минут сайын сезінем бақыт дәмін,
Қуанышқа толады уақыттарым.
Айналамның бәрінен бақыт көрем,
Арайланып
тұрғанда атып таңым.
Күні-түні шүкір деп шаттанамын.
Сәбидеймін, көңілім
аппақ әлі!
Көзім - шырақ, санам - сау, ғалам - ғажап,
Бұдан
артық бола ма бақ бағалы?
Елім - азат, мен - азат, ұлым - азат,
Азаттықтың жетпейді құнына зат.
Қанағатта ғаламат қуаныш бар,
Нысапсыздық Алланың құлына - жат!
- 204 просмотра