ВЕРНУТЬСЯ

   1220 жыл
шамасында бұрынғы қырғыз жерінің, яғни Сарыарқаның күншығысыменен оң тұс
арасында арғын, найман, керей деген елдер араласып, көшіп жүрді. Онан кейінгі
кезде әз Тәуке хан тұсында ол жақты қалмақ жеңіп алып, қазақ ауғанда және
араласып кетті. Және 1723 жылы қалмақтан жеңіліп, «Ақтабан шұбырындыда» тіпті
былығып араласты. Онан соң керей мен найман қайта келіп қытай жеріне шейін
кіргенде және араласты.
      Осы күнде орта жүз қазақтары Лепсі, Қапал
уездерінде, олар Жетісу облысында және Семей, Ақмола облыстарында түгел бар
және Сырдария, Торғай облыстарында бір бөлегі бар және Қытайға қараған қызай,
байжігіттер бар. Орысқа қарағанның ең күншығыс жақ шетінде керейдің көбі бар,
мұнан соң орта жүздің әр руларын өз алдына бөліп жазамын.