ВЕРНУТЬСЯ

(Маңғыстаудың өнер бағбаны Орын Құлсариевқа) Орын аға орнын тапқан өнерден,Өнерімен өсіп-өніп,Көгерген.Күймен бірге күмбірлесе ол егер,Көзін алмай,Қол соғады көрермен... Мәңгі орнығу әуезді,Әсем тұғырға,Өнерменен егіз деген ұғым ба....Дирижер да,Күйші де өзі,Өнердің Еш түрінен жиренбеген ғұмырда...Орын аға,Жақсылыққа жаршысың,Үлгі болды өзгелерге қанша ісің...Қаншама жыл тер төктің сен татсын деп,Әр көкірек әсемдіктің тамшысын. Танылатын  көңілдерде жаз бары,Тіршіліктің сен оятқан аз ба әніҚаншама жыл тер төктің сен қалсын деп,Әр жүректе сұлулықтың саздары... Өнер десе өрге жүзер арманы,Шәкірттерің майысқан бал бармағы,Ойда-қырда домбырасын шалқытып,Қанша рет қобыз болып сарнады...Жылдар бойы өрген өрен ізіңнен,Маңғыстауға маржан болды тізілген.Салтанатың арта түсер әрқашанӨнер сүйген ауылдас,Ұл-қызыңмен. Сан дарынға елі танып, еркем дер,Жол аштың сен, мақтан тұтар ертеңдер.Сені көріп қайта оралған секілді,Асатаяқ, сыбызғы мен шертерлер... Ашықтықтан ажырамасын көгі елдің,Таусылмасын сырлы сазға бөлер күнАймағымда мәңгі көктеп тұрсын тек,Сен баптаған бәйтерегі өнердің...