ВЕРНУТЬСЯ

          Жасқанбай Турабидің балтасынан,

Ұрының нәсін алған қалтасынан.

Көкесі төрде отырған талапкердің,

«Талант» деп қағып жүрген арқасынан.

Іскер деп танылыпты құстан қарға.

Үйренген қанатсыздар ұшқанға да.

Әтеште жылы, жарық қора болған,

Бұлбұл құс күнін көрген қысқы орманда.

Саудагер тәлім алмай даналардан,

Қалтасы қалың адам дараланған.

Онда да секем алғыш ақын жүрек

Шырылдай жыр торында жараланған.

Ойшылдың үміт түнған жанарында,

Шындықты зорлық таптап табанында,

Күншілдік, пендешілік өткен дейді

Абай мен Науаидің де заманында.