ВЕРНУТЬСЯ

Өткердік жастық
көктемін,

Біз көрген қызық
жетерлік.

Арудың жұтып от
лебін,

Боқалды басқа
көтердік.

Атойлап әрбір
тараптан,

Думанға кірдік
шалқыған.

Күшті боп шықты
шараптан,

Сұлудың демі
шарпыған.

Өмірді соның
жолына

Біржола құрбан
етердей,

Өртене жұттық оны да,

Өрт болып жанып
кетердей.

Тізгінді бердік
желікке,

Жүректің сырын
жасырмас.

Жастықтың әлде

Дедік пе,

Қызуы мәңгі
басылмас.

Жіберсе, шіркін,
ерікке,

Уақытқа қандай
бар талас.

Ғұмырдың әлде

Дедік пе,

Базары мәңгі тарқамас.

Жұтардай болып
көріндік,

Найзағайдың да
жарқылын.

Сезбестей сірә
өмірлік,

Жылдардың ызғар,
салқынын.

Кеткенін күндер
арынды,

Кешеңдеу барып аңдадық.

Жұтсақ та отты,
жалынды,

Өмірі бірақ қанбадық.

Сезімді судай
шайқаған,

Оралып сол бір
кездерге,

Лапылдар ма едік
қайтадан,

Шоқ болып қара көздерде.

Күрсінбес кімдер
түнімен,

Аңсатса жастық дәурені
-

Сүзгендей судың
түбінен,

Жұлдыздан түскен
сәулені..