ВЕРНУТЬСЯ

Қайсы арманның түбіне ғұмыр жеткен,

Артта қалды күндерім дүбірлеткен.

Күреңдеймін байқасам көп шабылып,

Қырқа-жонды, бел-белес, күдірді өткен.

Ауыздықа езуін тілімдеткен.

Бәрін кезден өткердім жолдағының,

Жалт бұрылған сүрлеулер алдады мың.

Осып түскен қамшыдан шұбарала,

Жолбарыстың жүніндей жон, бауырым.

Өрмекшідей жанымды торлады мұң.

Өтемін деп тар соқпак, тар көпірден,

Тасқа тиіп тұяғым сан кетілген.

Өзгелердей опық
жеп,

Мен де өкінгем,

Сарқ-сұрқ қайнап кеудемде зар көпірген.

Зілдей батып үн
шықса сәл зекірген.

Жараланып
жүрегім болмашыдан,

Сыңайы бар запы
боп көп жасыған.

Күдірейген жалымды қамыт қиды,

Босай алмай тұрмыстың арбасынан.

Арқам жауыр екені және де аян,

Жаба тоқып
несіне мен жасырам.

Жасырғанмен
мықшитып ер батады,

Иығыма салғандай кер жотаны.

Ұлытауды
он қайта айналғандай,

Сауырыма сауыс
боп тер қатады.

Қатқан тердің астыңда
cop жатады.

Сондықтан да сыр
беріп, бүлк етпеймін,

Жолға түсіп
желемін, бүлкектеймін.

Жуас керіп
желкеме үйір болма,

Шамдандырсаң
шалт кетер үркектеймін.

Құйын қалбаң
етсе де күлтөбеден,

Секем алсам, атқақтап үрке берем.

Жаны күңгірт
пендені жолатпаймын,

Жын көргендей
бет-жүзін бүркелеген.

Бұған қарап, тойынған деме достым,

Шолақ арқан, тар
тұсау, өреде өстім.

Пышақ сырты жал бітсе селтең қағып,

Жанға торсық байлатпас мен емеспін.

Менен зардап
шеккен жоқ және де ешкім.

Түсінгейсің
жанымды жете менің,

Сері көңіп,
сыралғы етер едім.

Адалдықпен арқама
жүгіңді артып,

Шоқтығыма шықсаң
да көтеремін.

Жусан болсаң
егерде, бетегемін...