ВЕРНУТЬСЯ

Қырықтан асқан жастамын,

Қырқылжың тарта бастадым.

Құбыла соққан құйындай

Қылықтың бәрін тастадым.

Қайқаңға салсаң қасқамын,

Ойпаңға салсаң басқамын.

Бұғанам қатпай жатып-ақ,

Тұяғым тиген тасқа мың.

Тау сырын алған тағыдай

Ұшпаның шетін баспадым.

Болам деп көпке қолқанат,

Қазанның қырдым қаспағын.

Қайсыған жете бересің,

Ғұмырда мынау қас-қағым.

Кірлесе тысы көңілдің,

Аударып кидім астарын.

Азынап тұрған жел болды,

Самал деп саңылау ашқаным.

Безеріп жатқан шөл болды,

Дүние-көл деп шашқаным.

Беріде қалған бел болды,

Асу деп арғы асқаным.

Тарыла түсіп көкжиек,

Түнере түсті аспаным.

II

Қырқаға шығып жоталап,

Қарасам, өмір қатал-ақ.

Жаныған пышақ секілді

Жағыма тиді шапалақ.

Жүректің басы қапалап,

Көзімнің жасы боталап,

Сарқырап аққан өзеннің

Сарынын қудым қаталап.

Қарсыдан ұрған көк дауыл

Үстімнен өтті тапалап.

Тұлданып тағдыр талағы,

Тұйғынды тепті жапалақ.

Мысықты қағып тобықтан,

Лактырды тышқан жата қап.

Қордаға қоңыз өрт салды,

Ордаға доңыз жапалап.

Шолтиған тонның етегі

Шоңқайсаң болды саталақ.

Шамына тиді иемнің

Сайтаннан туған сапалақ!

ПІ

Замана көші көлікті,

Тартса да қайда ерікті.

Cap желіп жүрген сары атан,

Мәңгілік белі берік-ті.

Тізеге дейін cop кешіп,

Бізге де, міне, келіпті.

Тілекті Тәңір беріпті,

Ескіден жаңа жеріпті.

Құлпыра түскен күн сайын,

Жалғанның жүзі көрікті.

Есептеп кімдер көріпті,

Шырылдап туған сәби мен

Күңіреніп шыққан өлікті?

Қай жұртта қалды қай бабаң,

Қайсысын құдай теріпті?

Сапырып судай көбікті,

Сабылдық біз де
- не бітті?

Құтырған қара
дүлейдей

Қызыл көз қырсық тебітті.

Әуелден әлсіз
байқұсқа.

Жыртқыштың аузы
жерік-ті.

Қасқырдың тісі -
қандауыр,

Бауыздар момын
елікті.

Ойласам түптеп
осыны,

Қарадай басым
зеңітті.

Тәңірім бүйтіп
тарынса,

Ноқтасын несін
кеңітті?

Безбүйрек қана
бүлк етпес,

Кемірген итше
кемікті.

IV

Түлкіге өлім
түгінен,

Ақынға қатер тілінен.

Ашыған сүттей
іріген,

Сасыған еттей шіріген,

Шошынам елдің түрінен.

Қайырым қашты
ағадан,

Мейірім безді
ініден.

Ысқырса үрей
жыланы,

Қылтитып басын
інінен,

Қойшының қосы қалтырар,

Ұрғандай
дауыл түнімен.

Жағаттап жүрген
жалдаптың

Тимейді септік
бірінен,

Сарқылса байлық
сабасы,

Сауылдап аққан түбінен.

Қырықтан асқан
шағымда,

Төсендім тулақ сіріден.

Сойдиған сояу
болғаны,

Тоналса бұта
бүрінен.

Тамыздық қылса,
тамтығы

Табылмас оттың
күлінен.