ВЕРНУТЬСЯ

Досым-ау,

Келіп кеттің
бүгін маған.

Табады аңсағанын
түбінде адам.

Үнінді іздедім
ғой айналамнан

Араның ұясындай
шуылдаған.

Теңіндей
көшпенді елдің буылмаған,

Тіршілік барады
өтіп дуылдаған.

Тосыннан келіп
кеттің бүгін маған,

Тазартып көңілімді
жуылмаған.

Түлкі-үміт
жеткізер ме жортақтаған,

Барлық сыр ортақ
саған, ортақ
маған.

Қиырдан бүлаң
етсе қоргасын бұлт,

Қаймығар қайран
жүрек корқақтаған.

Қой енді,

Несін оған мұңданамыз,

Біз бе тек жас
дәуренді қылған аңыз.

Бері кел,

Отыз деген өрт
екен ғой,

Шоқ жатыр
шоғырланған мұнда нағыз.

Қайтайық
баяғыдай баққа
барып,

Кеудеде бір құйынның
жатқаны анық.

Сүзілтіп
сұлуларды жыр оқиық,

Біріміз-бірімізді
жаттап алып.

Құмардан сөйтіп
барып бір шығайық,

Тынғанша жалқы
жүрек тыншымайық.

Сабылтып ақтабанды ай астыңда,

Жүретін кезіміз
ғой жылқы жайып.

Сезімім
сезгендей ме бірдеңені,

Тыңдашы!

Сызылған бір үн
келеді.

Даланың коңыр
желі емес пе екен,

Тұратын ынтықтырып
күнде мені.

Досым-ау,

Есейтпейді өмір
кімді?

Бұл бастан өткізерміз небір күнді.

Қамкоршы коңыр
желге тапсырайық,

Көкейде көптен
жүрген қоңыр мұңды...