Ең бұрын қала болған қытай
жұрты,
жұрты,
Хақанын Аспанұлы дейді ғұрпы.
Ертерек қолөнерге шебер болған,
Қолайсыз көрінсе де бізге
сырты.
сырты.
Аспанұлы құдайға жақын деген,
Сондықтан не қылса да мақұл
деген.
деген.
«Патса сөзі - тәңірінің
бұйрығы» деп,
бұйрығы» деп,
Ол елде жол болмайды закон
деген.
деген.
Ғылымдының санына кірмесе де,
Пароходы теңізде жүрмесе де,
«Бар мұхитты билейміз» деп
ойлайды,
ойлайды,
Өзге түгіл өз елін білмесе де.
Пан-Жи-Зан хақан болған
әділетті,
әділетті,
Мейірімі өз халқына түгел жетті.
Лақап атын Мүнсін деп атайды
екен,
екен,
Мағынасы «ел атасы - хақан»
депті.
депті.
Әділ деп тамам қытай нанады
екен,
екен,
Әр тарапқа құлағын салады екен.
Бір жандарал қиянат қылды десе,
Шақыртып басын кесіп алады
екен.
екен.
Орнына тағы біреу сайлайды
екен,
екен,
«Тез бар» деп облысына айдайды
екен.
екен.
«Ай сайын жақсы хабар жазып
тұр» деп,
тұр» деп,
Тапсырып қатты уағда байлайды
екен.
екен.
Сондықтан рапорт жазып
жандаралдар,
жандаралдар,
«Ел тыныш, егін мол» деп
хақанды алдар.
хақанды алдар.
«Бидай, күріш, тарыға орын жоқ
боп,
боп,
Жерге көміп жатыр, - деп, -
тамам жандар».
тамам жандар».
Жан-жақтан күнде осындай хабар
келіп,
келіп,
Қуанып жүрсе-дағы соған сеніп,
Бір күні Пан-Жи-Занға ой
түседі,
түседі,
«Осылар алдап жүр ме?!» деп
сектеніп.
сектеніп.
Шақыртып жиып алды уәзірлерін,
Ақылшы, ақсақалды кемеңгерін.
Елден келген рапорттың бәрін
оқып,
оқып,
«Осы сөз рас па, -деді,-
пенделерім?»
пенделерім?»
Олар айтты: «Бәрі рас
мұныңыздың,
мұныңыздың,
Естуіміз осылай еді біздің.
Аспандағы атаңыз жәрдем берген,
Әділдік қасиетіңіз бұ да
сіздің...»
сіздің...»
Хан айтты: «Енді бұған нетпек
керек,
керек,
Халқыма менен хабар жетпек
керек.
керек.
Астықты таза сақтап орындауға,
Не қылса да бір себеп етпек
керек.
керек.
Осыған өзім айла таппақшымын,
Бабаларым ісіне бақпақшымын.
Ешбір адам келмесін соған
шейін,
шейін,
Қырық күн тарих ақтарып
жатпақшымын».
жатпақшымын».
Мұны естіп уәзірлер құлдық қылып,
Бірталай күн бостандық барын
біліп,
біліп,
«Ханымыздың бағы ассын» деп
тарқады,
тарқады,
Қуанып сауық салып,
ойнап-күліп.
ойнап-күліп.
***
Үйінде жалғыз қалып хан ойлады,
Рапорттарды тексеру мән ойлады.
Мың бір жүз алпыс жылдай бұрын
өткен
өткен
Син-Са-Син ханның ісін және
ойлады.
ойлады.
Син-Са-Син кезуші еді елді
астыртын,
астыртын,
Тексеріп ұлықтардың іс пен
ғұрпын.
ғұрпын.
Ел жылатқан ұлықтың басын
кесіп,
кесіп,
Зұлымдықтан сақтаған сүйтіп
жұртын.
жұртын.
Бұл да соның жолына кірмек
болды,
болды,
Танытпай халық аралап жүрмек
болды.
болды.
«Ел тоқ» деп жандаралдың
жазғандарын
жазғандарын
Көзбен көріп, анықтап білмек
болды.
болды.
Қасына шын сенімді жолдас алып,
Түн ішінде Пекиннен кетіп
қалып,
қалып,
Қап салған қайыршы боп шекпен
киіп,
киіп,
Пешелі облысына кірді барып.
Кез келді келе жатып зор
қышлаққа,
қышлаққа,
Бір үйге барды қайыр сұрамаққа.
«Ата-анаң аруағы үшін бір нан
бер», - деп,
бер», - деп,
Мұңайып келіп тұрды есік жаққа.
Ол айтты: «Біз емеспіз тамаққа
тоқ,
тоқ,
Сен түгіл балаларға нанымыз
жоқ.
жоқ.
Жандарал, тамам ұлық астықты
алып,
алып,
Жатырмыз өзіміз де өлетін боп».
Тіленіп екінші үйге тағы барды,
«Аштан өлдік, нан бер», - деп
айғай салды.
айғай салды.
«Бұл елдің наны жоғын
білмеймісің,
білмеймісің,
Мазақтамай кет!» - деген жауап
алды.
алды.
Онан соң барып еді үшінші үйге,
Ол-дағы түскен екен аштық
күйге.
күйге.
Нан бер деген сөзіне сөз
қайырмай,
қайырмай,
Жылады «нан қайда, - деп, - ай,
дүние!»
дүние!»
Онан соң бір қалаға тағы келді,
Нан жоқ болса, балаудан бер», -
деп енді.
деп енді.
«Балау деген ұлық па, хайуан
ба,
ба,
Оны біз білмейміз», - деп жауап
берді.
берді.
Хан талай ел қыдырды сөйтіп
жүріп,
жүріп,
Астық пен елдің жайын әбден біліп.
Талай адам жиылған бір ақ үйге
«Мұнда не бар екен?» - деп
келді кіріп.
келді кіріп.
Қараса, өңкей кедей, пақыр
екен,
екен,
Ол қала да астықтан тақыр екен.
«А, құдай, жандаралдың басын
кескіз», -
кескіз», -
Деп жылап, дұға қылып жатыр
екен.
екен.
Оңаша бір шал отыр есік жақта,
Хан соған жақын келді
байқамаққа.
байқамаққа.
Оның қылған дұғасы елден бөлек:
«А, Құдай, жандаралды, - дейді,
- сақта».
- сақта».
«Жандарал жүз елуге келсін! -
дейді,
дейді,
Жасартып тағы да өмір берсін, -
дейді.
дейді.
Бұл өлгенмен келеді және біреу,
Онан да осы-ақ ұлық болсын», -
дейді.
дейді.
Хан айтады таң қалып мына
сөзге:
сөзге:
«Ақсақал! Ойың бөлек көрер
көзге.
көзге.
Жандаралдан көріп пе ең бір
жақсылық,
жақсылық,
Өлсін деп тілеп отыр сізден
өзге».
өзге».
Шал айтты: «Кімге қылды ол
жақсылық?
жақсылық?
Жандаралдан шықпайды ондай
қылық.
қылық.
Алым алып, өзіне дүре соғып,
Елге күнде қылады зұлымшылық».
Хан айтты: «Жақтырмасаң қылған
ісін,
ісін,
Неге өмірін тілейсің, айт
мәнісін?
мәнісін?
Кей адамның болады жұлдызы
ыстық,
ыстық,
Сондықтан ұнаттың ба оның
түсін?»
түсін?»
Шал айтты: «Көрген емен
өмірімде,
өмірімде,
Сексеннен асты жасым осы күнде.
Бес жандарал өткіздім мұнан
бұрын,
бұрын,
Бірінен бірі антұрған болды
мүлде.
мүлде.
Бұл өлсе, біреу келер мұнан
залым,
залым,
Зарлатып тағы алады елден алым.
Пекиннің жандаралы қасқырдан
көп
көп
Екені баяғыдан маған мәлім.
Анау жастар мұндайды сынамаған,
Ел бар ма ұлығынан жыламаған.
Онан-дағы осы өлмей тұрсын
деймін,
деймін,
Тағы біреу келгенше мұнан
жаман».
жаман».
Хан қайғырды: «Ел жайы бұл
екен, - деп, -
екен, - деп, -
Әншейін бос әуре боп жүр екем,
- деп.
- деп.
Кімді қойсам зарлатып елді
жейді,
жейді,
Тамам жұрт кіші ұлықтың құлы
екен», - деп.
екен», - деп.
Қырық күнде хан үйіне қайта
барды,
барды,
«Келсін!» деп уәзірлерге хабар
салды.
салды.
Пекиндегі ақылшыл ұлықтарды
Шақыртып өз қасына жиып алды.
Хақанға ауыр тиді ұлық сынау,
Елінің көрген күні күнде жылау.
Жаны ашып кейісе де ем таба
алмай,
алмай,
Үміт үзіп сандалған сөзі мынау:
«Ақтардым тауарықтың оқып
бәрін,
бәрін,
Бабамның ісі болды маған мәлім.
Өзі өлгенше түспесін
жандаралдар,
жандаралдар,
Жамандап десе-дағы қанша залым.
Түспесін олар түгіл ешбір ұлық,
Десе де «ол қылып жүр
бұзақылық».
бұзақылық».
Менің сөзім - Аспанның сөзі
емес не,
емес не,
Осы екен, ойлап тұрсам,
құдайшылық».
құдайшылық».
Мұны естіп тамам ұлық бас
ұрыпты,
ұрыпты,
Ол қайтып қуанғанын жасырыпты?
Олар түгіл дос, қайын, нағашысы
Зұлымдықты жүз есе асырыпты.
Көрдің бе, ел түзету қандай
қиын,
қиын,
Шіріткен Пан-Жи-Занның есті
миын.
миын.
Басы патса, аяғы атшабарлар
Қалтаңа қалдырды ма жалғыз
тиын?
тиын?
- 78 просмотров