ВЕРНУТЬСЯ

 
   Шыннан өзге Құдай жоқ, 
 Анық Құдай - Шын Құдай.
 Ұқпай қалма алаң боп,
 Шын болмаса, кiм Құдай?
 Бұрын шын бар, бүгiн шын,
 Ертең шын бар - үш бөлек.
 Керегi жоқ бұлардың,
 Бұзылмайтын шын керек.
 Шын махаббат қылуға,
 Шын сабырың жете ме.
 Көрiнген әрбiр сұлуға
 Көңiлiң толқып кете ме?
 Олай болса, таза ақыл,
 Әулиелiк сенде жоқ.
 Баянсызға бәрi - құл,
 Жынданбаған пенде жоқ.
 Әулиедей асықтың,
 Қасиетiн былғайсың.
 Қылығын қылып жастықтың,
 Бiр қалыпта тұрмайсың.
 Әлде сайтан, әлде жын,
 Бiрiн тастап, бiрiн мiн.
 Адам емес - айуансың,
 Неге тұрсын сенде шын?