ВЕРНУТЬСЯ

       I 

       Көп жылдар болдық жігіт сылаңдаған,

Шаршы топ талқысында сыналмаған.

Өмірде еркін сілтеп жүре бердік

Күйі мол көңілменен шығандаған.

Қаншама
зейіндімін десең дағы,

Көп жәйт болады
екен ұға алмаған.

Өзіңе өзің сыншы бола алмасаң,

He керек қиялыңды құр алдаған.

Жат көрер жайдары ашық бұл сөзімді

Үңіліп көкірегімнен сыр алмаған.

Әй, Қасым, бар ма жөнің адасарлық!

Күшің бар, ғұмырың
бар көп жасарлық,

Арыңмен жаның еркін сырласарлық.

Болды үйір қайдан ғана бұл нашарлық?

 

 
    II

 
    Сен кеше жалбыр тонды жетім едің, 

Сонда сен тіршіліктен не тіледің?

Атаң мен әкең сенің жете алмаған

Арманға бұл
кезде сен жетіп едің.

Өзің де түсінгендей болып едің,

Өмірді отты көзбен шолып едің.

Балқытып көкірегіңнің көрігімен

Сомдап бір сөз асылын соғып едің.

«Сонау кез мұрша
болмай ойлануға,

Шыққалы жатыр едім қой бағуға!

Ленин әдейі кеп ауылымызға,

Ап кетті көппен бірге мені оқуға.

Әке деп қарай бердім Ленинге мен,

Соңынан кеттім еріп», - депсің тура.

Бара ма екен сол сөзінде Қасым ақын? -

Деп бүгін тура кеп тұр ойлануға.

 

 
  III 

 
  Бармын мен қойған жерде, айтқан сертте, 

Айныр деп ақын жүрек түк селт етпе!

Кейбір кез қаталасып кеткен болсам,

Ей, кұрбым,
күдер үзіп, басқа теппе.

Жан емес, тән ауырып жүрген кезде,

Шырағым, шыр айналып тастап кетпе.

«Гепато-холецистит» қажытса да,

Кеудемде жүрегім мен бар ғой өкпе.

Азырақ қалған болсам кешеуілдеп,

Біржола қалды ғой деп мені сөкпе!

 

 
  IV

     - Ей, Қасым,
қаталастың не себептен? 

Кетпейді осы қайғың көкіректен.

Бір жақтан жатқандайсың қиратып сен

Жайқалған егінінді өзің еккен.

Япырмай, ақын Қасым, бұл қалайша?

Кеттің бе қата басып, ұға алмайша?

Күлімдеп тұрмаушы
ма ең шыққан күндей,

Толықсып тұрмаушы
ма ең толған айша?

Ер жігіт не болады серттен тайса,

Қалар ма қу шөп болып жасыл майса?

Жаныңның жазын, қысын кім біледі,

Көк күмбез көкірегің ашылмайша.

- Ей, құрбым, бұл сөзіңе құлақ астым, 

Түйермін тек кеудемде, жыламаспын.

Шайқалып кетемін мен ойлағанда,

Азырақ жарылармын, құламаспын.

Өмірде өлі талай жырлармын мен,

Біреуге ұнап,
біреуге ұнамаспын.

Өзім болып айтармын өз сөзімді,

Жамау-жасқау жинап мен кұрамаспын.

Жұрттың
сүрлеу жолымен жүргенім жоқ,

Нар тәуекел, омбылап тура бастым.

Өнер табу, өр табу мақсатымен,

Адассам да мен адал жолда адастым.

 

 
   V

 
   Ей, Қасым, адасуға хақың бар ма? 

Адасу закон ба екен ақындарға?

Жаңа басқан жолыңнан адасасың,

Мұхтар, Сәбит, Ғабиттей атың бар ма?

Өзіңді өзің ойла, ей, шырағым,

Сөнбесін кеудендегі шамшырағың.

Жүйріктер бәйгесіне босқа түсіп,

Сен неге шабаныңды қамшыладың?

Кез емес дария көңіл тартылғандай,

He бопты өлең шіркін сарқылғандай!

Қырықтың дәл қырқасында тұрмын қазір,

Байқаймын алдым қандай, артым қандай.

Азырақ құрғыр
ауру қажытса да,

Әлі де жүрегім бар шарқ ұрғандай:

Риза етіп ата-анамдай мен елімді,

Өмірге берем кетіп берерімді...