ВЕРНУТЬСЯ

      Көл болып жасы
көзінің,

Анашым шықты
аңырап.

Күңіреніп қалды
өзіңнің

Атыңа біткен
шаңырақ.

Өңім бе, әлде
түсім бе,

Үзілді кенет
өмірің.

Бар демін тартып
ішіне

Егіліп тұрды
келінің.

Кетті деп жақсы
арадан,

Жоқтады барлық
жас-кәрің.

Атынан құлап
даладан

Жылады қанша
достарың.

Сүріне-құлай
жеттім де,

Кеудеңнен
сүйдім, төзбедім.

Мәңгіге ұйықтап
кеттің де,

Бірін де мұның
сезбедің.

Жалғызың жетім
қалмақшы,

Аһ ұрып шыққан
от демім.

Шыңғырған
даусым, алғашқы

Оята алған жоқ
сені...

Алаңсыз үйде
отырған шақтарым кем,

Шаршаймын ой
сандығын ақтарумен.

Жан әке, өзің
болып елестейді

Жолаушы
белестегі атқа мінген.

Сол елес бұрылмастан
асар қырдан,

Қанша рет
жанарыма жас алдырған.

Жан әке, өзің
болып елестейді

Жылқышы құрық
алып, асау қуған

Түсесің сен
есіме аңшы көрсем,

Сені еске
түсіреді әнші де өңшең.

Жүрегім суырылып
мұздап кетем,

Ілулі иесіз
қалған қамшы көрсем.

Сенің де ілулі тұр
құралдарың,

Анашым жинап
жүрген шығар бәрін.

Кеш әке, сен құйындап
шапқан қырға,

Мен шіркін асау
мініп шыға алмадым.

Ізіңді қуа
алмадым бұла жастан,

Жоқ еді
қасіретім бұдан асқан.

Дегенмен сенің
қызың екенімді

Таниды бар
аймағың сұрамастан.

Көңілді жиі- жиі
басып қайғы,

Елесі балалықтың
қашықтайды.

Жан әке, өзің
жүрген кездегідей

Құлының ауыл
жаққа асықпайды.

Болмасын біліп
өмір жазы - мәңгі,

Белгісіз жүрек
қашан жазылары.

Ботаңның
еркелігі ұмытылып

Санаулы жандарға
айтар назы қалды.

Кимеді шәйі
көйлек құбылмалы,

Тақпады қызыл
шашпау бұрымға әлі.

Қызыңның
маңдайына жылы алақан

Тиген жоқ сенің
көзің жұмылғалы.