ВЕРНУТЬСЯ

    Жазушының  жан сыры
   Әбіш аға!..
Біздің Қазақстан Жазушылар одағының
көнбіс мінберіне кім көтерілмесін (ол классик пе, халтурщик пе - бәрібір), соның
бәрі төл әдебиетізіміздің «төзгісіз хәлін» қалай жақсарту қажеттігі хақында қабырғасын
қайыстыра, бұғанасын майыстыра тұр ып мәселе қозғайды. Оң қарағанда - қай-қайсының
да осалы жоқтай... Алайда осынау тағдырын қаламға артқан қасиетті хас Өнердің
талайын қашанда таптаурын трибуна емес, айы-күні бітіп, толғағы жеткен шабыттың
тәңір анасы - жазу столы шешпей ме?..
- Солайы солай ғой, Иранбек.
Бірақ мінбеде бәріміз желдей есіп тұрған мен, өнерде олай емеспіз ғой. Содан
келеді де, қысыр сөздің құдайы береді. Ондай жағдайда күллі әңгіме азын-аулақ қабілеттілердің
төңірегінде өрбиді. Сырттарынан әрі итеріп, бері жыққанға олар да шыдай алмайды.
Білектерін сыбанып, бейпіл ауыздар тұтатқан қикілжіңге олар да қойып кетеді. Сөйтіп
«жаза алатындар» да, «жаза алмайтындар» да «жазбайтындарға» айналады. Сосын қай
жазбайтынның дұрыс, қай жазбайтынның бұрыс сөйлегенінен әдебиетке келер-кетер
не бар?! Осындайдан қосақ арасында бос жүріп-ақ пайда тауып үйренгедер
кез-келген принципті әңгіменің артын кімнің кім екенін ажырата алмайтындай, «ақтұйбасқа»
айналдырып жіберіп, жұрттың бәрін де жәй әншейін қара көбейтіп жүрген елтең-селтеңдер
қып көрсетуге тырысады.
Қит етсе ауызды қу шөппен сүрте
жөнелтетініміз де сондықтан. Бірақ, оның да жөні бар емес пе? Басқасы басқа-ақ
болсын! Ал енді қазір ешкімнің таласы жоқ Мақатаев, Нәжімеденов, Айбергенов,
Бердияров, Әубәкіров, Сатыбалдиев, Қыдыровтардың талантты мұраларын  біреу бізге парашютпен көктен тусіріп кетіп
пе еді? Тап өз көз аддымызда, өз ортамызда туған жоқ пе еді?! Егер олардың
салармен жарыса еңбек еткен талай ақсақал, қараса-қалдын кейбір шығармаларының қолжазбасын
бұған  дейін оқымасақ, бүгін шаң басқан
сары ала архивтен тауып алсақ, таңғалмас па едік, тамсанбас па едік?!
Оның үстіне, әдебиетізіміздің
профессионалдық деңгейінің жоғарылап, әлеуметтік-философиялық ізденіс ауқымының
кеңеюіне шешуші ықпал еткен алпысыншы жылдар лебін тек бір жауып басылған соқыр
жауындай өткінші құбылыс көру әбестік. Ол, қажет десеніз, талай қаламгерлердің
творчестволық кредосын қалыптастырып үлгерді. Қай буынның да қабілетті өкілдері
одан кейін тұрпайы социологияның, догматтық эстетиканың қағидаларының шылауында
кетпеуге, шама-шарықтары келген-ше өмірлік материал іздеуде де, көркемдік ой
жинақтауда соныға талпынуға тырысты. Тоқырау үстінде де дәріптеушілік ұшырасты
дегенімізбен, әділіне келсек, оған тап баяғы жеке адамға табыну тұсындағыдай
жаппай бой алдыра қойғанымыз жоқ.
Уақыт өзгерді екен деп, тапқан-таянғандарымызды
тағы да тарих албарынан теуіп шығара бастасақ, одан кеткен тоқырау ұтыла ма, жоқ,
келген жаңа бетбұрыс ұтыла ма? Біздіңше, бұрынғымызға да, қазіргімізге де, өлімізге
дег тірімізге де бірдей әділ болған жөн. Асығыс қимыл мен артық әңгімеден
аузымыз талай күйген. Одан, ең болмаса, өткеннің ойсыраған озбырлығының
ойранының орнын қайтадан қалпына келтіруді қолға алып жатқан қазіргідей кезде
аулақ болғанымыз дұрыс сияқты.
Әрине, бұдан  тоқыраудың бізге еш зияны тимепті деген қорытынды
шықпаса керек. Тигенде қандай! Ол жөнінде өз басым сол кездің өзінде-ақ баспасөз
бетінде, кейінгі жылдардағы әдеби жиналыстардың талайында пікірімді ашықтан-ашық
айтқанмын. Бұл  арада айтарым: қоғамымызда
тоқыраудың берік орын тебе түсуі салдарынан алпысыншы жылдардағы әлеуметтік
батылдық әуелі жасқаншақтыққа, кейін рухани көлгірлікке ұштасты. Бірақ, шындықтың
аузы біржола бітеліп қалған жоқ. Мәселен, тоқырау тұсындағы қай жиналыстың да
тарихи тақырыпқа бір соқтықпай өтпегенін білеміз. Алайда оның дұрыс тап желі
тартқан тұсы  да сол кезде еді. «Абай жолының»
құлағы тынышталмай жатып, күні кеше өздері теперіш көріп қайтқан X. Есенжанов,
3. Шашкин, I. Есенберлиндер қайта қолға алған бұл  бастаманы кейінгі буын өкілдері Ә. Әлімжанов,
О. Сүлейменов, Ш. Мұртазаев, С. Жүнісов, Қ. Жұмаділов, М. Мағауин, Д. Досжанов,
С. Сматаев, М, Сәрсекеев, С. Санбаев, Қ. Салғариндер жалғастырды. Осының өзі-ақ
әдебиеттің бәр-бәр уақытта «әйт-шәйттің» ығында кете бермейтініне куә болғандай.
Өйткені, шын талант бағын өрге бастыратын жоғарыдағылардың шарапаты да, төмендегілердің
қолпашы да емес, әлгіндей қоғамның өзегін жарып шыққан рухани зәру екенін жақсы
түсінеді. Тек сондай өрелі істердің соңына түсуімізге ешкім де, ештеңеге де бөгет
бола алмайтындай ахуалды неғұрлым  тез
орната алсақ, күш-жігер жүйке құрт ар алыс-жұлыстарға емес, шабыттың шалқар өрісі
- жазу столына сарп болар еді.
Дұрыс  делік!... Айтумен - ақын, нұсқаумен - жа-
зушы шықпасын-ақ! Бірақ, кешегі тоқырау кезеңнің то-
сыннан туғызған тексіз әкімінің тікелей жарлығын пінә-
жаралған әркімдер қысырдың арда емген тайындай алшаң-
дап арамызда әлі күнге астамшылық жасап жүр емес пе!
Бұл  арада да бар гәп, кейбіреулер айтып жүрген-
дей,    тек    бірқатарымыздың   айрықша   
баққұмар,
бірқатарымыздың айрықша жанжалқұмар екендігінде
емес. Бар гәп - көркем творчествоға партиялар басшы-
лық саясатында, оның сөз жүзінде айтылатын қағидала-
рының із жүзінде адам танымастай бұрмалануында. Бір
қарағанда, суреткер қауымды жеке адамға табынушылық
та, тоқырау да көздерінен бір елі таса етпеген сияқты.
Бірақ, өнер мүддесін емес, өз мүдделерін көздеп солай
етті. Қоғамдық пікірге айрықша ықпалы бар ортаны өз
уыстарында ұстау  үшін солай етті. Жеке
адамға табыну-
шылық творчестволық ортаны да бюрократтандыруды
ашық қысым жасау жолымен қамтамасыз еткені белгілі,
Ал тоқырау мұнда  да бармақ басты, көз қысты
саясат
жүргізді. Ол үшін бұл  бар жағынан тиімді
еді. Біріншіден,
тек өз тұсындағы емес, өзіңнен кейінгі қоғамдық пікірге
ықпал ете алатындай талантты күштердің аузын аласың.
Екіншіден,   сол арқылы өнердің үлкен
жанашыры атана-
сың. Үшіншіден, біреулері сенің жақсы ықыласыңнан ай-
ырылып қалмас үшін, екіншілері сондай ықыласыңнан
дәметіп, шырқ үйіріліп, қас-қабағыңа қарайды, Сөйтіп,
аузы еркін, басы асау деген суреткерлерді де өз ырқыңа
кендіресің. Тертіншіден, Мұндайдан алауыздық туады да,
бірін-бірі аңдыған қауымның өз арасынан былайғы сорақылықтармен ісі болмайды.
Бесіншіден, былайғы жұрт  та әлгілердің
дау-дамайына назарлары ауып, ез төңірегіндегі келеңсіздіктерді байқай алмай қалады.
Алтыншыдан, әлгіндейдің арты насырға шауып жатса, бәрін ел ұстар болады дейтін
естиярлардың өзін «осынша ашкөз, іштар жаратқан» әзәзіл табиғаттың өзі не
аудара саласың. Әдебиетшілерізімізді моральдық, әдебиетізімізді творчестволық
жағынан жадатып-жүдететін принципсіз кикілжің осылай асқындайды. Қаламының желі
бар дейтіндеріміз бір-бірінің сәлеміне өкпелеп, әрқайсысы әр бұрышта күңкілдеп
жүргенде, ортадан ойып орын алған ортақолдылық дәурендейді. Критерийлер төмендеп,
жаман мен жақсыны ажырата алмастай ахуал орнайды. Сөзден пәтуа, өнерпаздан
бедел кетеді. Ол ол ма, табиғатымыздың арып, ара-жігізіміздің ашылып, тіпті ырзық
айырып жүрген тіл екеш тілізіміздің жолы кесіліп, оқырмандардан ада бола жаздағанымызды
да байқамай қалуға таяппыз. Үйдегі кежеге таласып отырып, қорадағы қойдан
айырылады деген осы.
Жарайды, бұның бәрі кешегі ғой...
Ал енді қайтеміз! Енді ес түгендесіп, басымызды шаша тусетін «сұр» боп салардан
тиылып, басымызды қоса түсетін ортақ мақсаттарға жұмылған жөн. Ол үшін өз
ортамызда кешегі таласып жүргеніміз бар, жасымыз бар, кәріміз бар - бәріміз бірге
отырып пікір алысып, бірге отырып шешімге келе алатындай демократияшыл ахуал
орнықтыруымыз керек. Оған бар тараптың да, бар ұрпақтың  да, бар жанрдың да ең таланттыларын, ең
біліктілерін, ең объектілерін қарастырған жөн. Сонда ғана әркім хал-қадары
жеткенше ышқына еңбек ететін талапшылдық, жақсының жерде қалмайтынына сенімің
бекем әділеттілік орнайды. Ал содан кейін де қиғаш тартатындар табылып жатса,
халықта да кез бар, кереді ғой. Оған дейінгі «анау анау ғой, мынау мынау ғой» әңгіме
басымызды шаша түспесе, қоса қоймайды.
- Әлемдік сана жеткен адами ақыл-ойымыз
жетіп, әдеттегі білтелі пенделіктің шоқтана-шоқтана шолақ шығар шектеулі ұғымынан
дәйімі шырқау табылып, әулиелік парасат-пайымынан бүкіл болмыстың таудай дүниетанымға
тарыдай болса түйсік тілеп, ел санатына еніп, халық қатарына қосылып жатқандарға
не қайран?! Құр күпініп, бос мақтанғаннан мүйіз шығатын болса, ол мүйізіміз әлдеқашан
қарағайдай болып, шамадан тыс шарқаяқ мықтылықтың шарасыздықтан туар шартты заңдылығын
жасап, қарайғанды қорқытып, зорайғанды үркітер еді... Осы райда айтпағым -
кешегі аты өшкір ақтаңдаң жылдары репрессияға ұшырап, бүгінгі жариялылық, қайта
құру шапағаты арқасында ақталып, өмірге екінші мәрте келіп қуантқан Шәкәрім, Мағжан,
Ахмет, Жүсіпбек сынды кемелдерізіміздің көне дүниелері қазақ әдебиетінің алтын қорына
қыруар олжа салып отырғандығы. Әдеби-көркемдік деңгейі әрқалай болса да, қай-қайсының
болмасын, қай туындысын оқымаңыз, талғам-түйсігінің соншалықты биіктігіне таң қаласыз.
Ойы - озық, сөзі - нық, ісі - тындырымды. Бұл 
кісілер тоқырау жылдарындағы біздерше қара жолдан із кеспей, жан бағып,
жалпыға еріп, саясат жасап, жасанды жырлар жазбай, керісінше, кемшін дүниенің көлеңкелі
жағына көбірек үңілген сияқты. Халық болайық деп - қанжылап, қарауылға ілініп,
ел санатына енейік деп - еңіреп, етегін жасқа толтырғанға ұқсайды. Олардың өмірге-өнерге
бұл айша жанды көзқарасы - «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку
жер шалған» социалистік қоғамның етегінен тартайық деген, жаңалық атаулыдан зәре-құты
алмай шошынатын науа әрекеттерінен емес, қайта оның жарық жылдамдығындай шапшаң
даму көшінен қалып қоймайық деген, бүгінін қоя тұр ып, ертеңінің қамын жейтін қазақы
қаракеттерінен туындайтынына қазірде кез-келген оқырманның көзі жетіп, көңілі
иланып-аң қалды... Турасын  айтсақ, арада
жарты ғасырдай уақыт өтсе де, олар мен біздердің дүниетаным, әдебиеттану деңгейіміз
онша алшақ еместей. Көп нәрсемізді түзейміз деп жүріп, күзеп алғандаймыз. Барымызды
жоғалтып, жоқтан бар жасауға әуес болып келдік. Содан да болар, кей-кейде
ойымыз - орнықсыз, сезіміміз - салмақсыз, ісіміз - ыждағатсыз шығып жатады...
Жасыратын не бар, ұзын ырғасында тірлігіміз - тиянаңсыз, тіліміз - шұбар,
діліміз - ...
- Бар гәп сол ділде ғой... Бұл  мәселе төңірегінде қанша жыл қызыл кеңірдек
дау болды? Ол жүйке құртып, бір-бірімізге жеккөрінішті еткеннен басқа не бітірді?
Ал: «Әуелі солардың өзі не жазды екен, оқып көрейікші!» - деп, нақты іске
кірісіп едік, санаулы айларда әділетті қалпына келтірдік. Болашақта халқымыздың
ғасырлар бойы жиып-тергенін тап осылай салихалы сараптар болсақ, тағы да талай
олжаға көнелеміз. Совет жылдарында тапқандарымызды да диалектикалық даму тұрғысынан  үңіліп, қайта зерделер болсақ, күпілдек құр
мақтанның да, ауызды қу шөппен сүрте жөнелетін байбаламның да әбестік екенін аңғарар
ек.
Қайта оралған төртеу іргелі
халық үшін талант қанша болса да, көптік етпейтінін, оның аспанындағы самалалар
неғұрлым  көп болған сайын, неғұрлым болған
сайын бәріне ортақ көктің де, бір-бірінің де ажарын асырып, нұрын молайта түсетінін
тағы да дәлелде п бергендей.
Өзің айтып отырған әлеми санаға
ереміз жетпей, жатқандығының бір себебі ~ әуелі сол қолда бар қазынаның қасиетін
өзіміз танып, сосын өзгелерге танытып қарқ қыла алмай жатқандығымызда шығар. Бұл  ретте ғүмырын енді бастаған Бас редакцияға көп
үміт артамыз. Ол жасақтайтын Аударма банкісі біздің әдеби өнімімізге әлемдік
жолдама беретін алғашқы сүзгі, әділ таразы болмақшы.
Межелі өреден көріне алмай
жатуымыздың тағы бір себебі - әдеби атмосферамызға әр тұста  түбірлі өзгерістер әкелген және әкелмек болған
талантты буындардың бір-бірімен өмірде түгілі көңілде тікелей тілдесе алмай, әр
қайсысы бір ашылған Американы қайта ашып, бір табылған велосипедті қайта ойлап
табуға қайта-қайта мәжбүр болып жүргендігінде секілді. Әйтпесе, буын-буынның
ара жігі үзілмей, бірінің қолындағы эстафетаны бірі іліп әкетіп отырса,
мынандай қуатты шоғырдан серпін алған әдебиетізіміздің бүгіндері қандай рухани
биікте жүрерін кім білген?! Бір ғана тілдік дамуды алайықшы. Олардың тұсындағы
терминология мен қазіргі терминологияның, олардың тұсындағы оқулықтар мен қазіргі
оқулықтардың арасында қандай өрбу, ерлеу бар? Кер кету демей-ақ қоялық, ер жету
байқалмайды. Табиғаттану пәндері мен математика пәндерінің баяғы біз оқыған оқулықтары
мен қазіргі оқулықтарының тілі тіптен салыстыруға да келмейді. Баламыз түгіл
данамыздың миын шырдай қылар шырғалаң. Ғалымдарымыздың саны астрономиялық дәрежеде
өсті. Ал тілізіміздің ғылыми ойлау мен жүйелеу қабілеті баяғы дәрежесінен де
айырылып қалды. Дәл ғылымдарды былай қойғанда, тарих пен философиядан,
правотану мен экономикадан ана тілімізде монография жазылмады. Сосын адами
санамыз әлеми санаға қайдан маңайлай алсын?! Тілсіз философия ұлттық саңаға қандай
нәр бере алады? Тілсіз ғылым ұлттық дүниетанымды қайтып кеңейте алады? Баламыз қайткенде
төзірек министр болады деген есек дәмемен өз мектебізімізді өзіміз жаптырдық. Өз
тілімізде шыққан кітапты менсінбей, басқаны қойып, домбыраның өзін ескілік
санай бастадық. Керемет екен
десін деп, қойшыларға орысша баяндама жасадық. Оны-
мыздың мықтылық емес, мүсәпірлік екенін мына Төртеу
тағы да көзге шұқып дәлелдеп отыр. Қос тілділік жайын-
да енді қызып жатқан мәслихатқа бұл Төртеу әбден деп
келді. Егер орыс тілін жетік меңгеріп, сол арқылы күллі
цивилизация әлемінің бар асыл, бар нәрімен сусындама-
са, дәл мұндай өрелі биікке олар да көтеріле алмас еді. Ал
оның үстіне ана тілін жетік білмесе, ұлттық санамыз бен
әлгі өзің айтып отырғандай, «әлеми сананың» арасына
алтын көпір сала алмас еді. Өздері шырқап көкте жүр-
генмен, өзегін-өтін жарып, тілектерін тілеп отырған ха-
лқы тырбаңдап етекте жатар еді. Сондықтан да олар білім
алудың өзін халыққа қызмет ету деп түсінді. Туған халк,-
ын рухани кемелдендіру арқылы ғана күллі адамзаттық
цивилизацияға үлес қоса аласың деп түсінді. Шын
интернационализмді,           гуманизмді,    шынайы интеллигенттікті осылай деп ұқты.
Табиғаты жағынан нағыз «рухани аристократтар» болғанмен, халыққа қызмет етудің қандай
майлық-сулығынан да тартынған жоқ. Қысқасы, олар үшін біз қай жағынан да есігін
енді ашқан университет!
-        Жілікке  бөлгенді жікке
бөлді деп қарау -
көргенділікке жатпайтын ғадет. Жамбас пенен қүйым-
шақтың орнын ауыстыруға әсте болмайды. Кәделі төрде
төбедей күжірейіп сіз отырғанда, қадари төмендегі то-
бықтай болған маған бас тартып жатса - уақыттың оз-
ғандығы, замананың азғандығы шығар? Төр қадірін боса-
ғадан артық кім білер?! Босаға бақпаған төр не бағады?..
Нендей ғаламат құбылыс болмасын, өз кезек-кезеңінің
тәж-тағын ғана иемденуі жарасымды. Осы себептен де
әдебиеттегі ағаның рәсімін жасаңыз - өзіңізден кейінгі
буын жайлы не айтар едіңіз?..
-        Алдынан үлгі таппаған іні қараң, артына үміт арт-
паған аға қараң екені рас. Алайда, төрдегілерізіміздің де,
төмендегілерізіміздің де тап бұлай таусыла күйзелетіндей
реті жоқ еді. Алда-жалда арамызда ондай ілгішек болса,
оған, әрине, үлкендер кінәліміз. Ағада ілтипат жоқ жер-
де, ініде ізет қайдан жүрсін?! Пушкинге бата беріп-ақ,
Державиндер тарихта қалып еді. Қай-қайсымыз да Пуш-
кин атануға қарсы болмағанмен, ең болмаса, Державин-
дей іс тындыра алсақ, тобамызға қой айтар ек. Бір кездегі
кейінгіні елеп,  «сәт сапар» жазып,  тұсау 
кесудің өзі
үрдістен шығып барады. Екі Әбекең (Әбділда Тәжібаевпен Әбу Сәрсенбаев) үлкейді.
Талай-талай талантты құрбыларымызды талтаңдатып қастарына ертіп жүргендерін, оларды
тұмсықтыға  шоқыттырмай, тырнақтыға
алдыртпай, шыбын-шіркей болып жатқандарын сан рет көргенбіз. Кейінгілеріміз
олардай романтик емеспіз, шетінен сірескен прагматикпіз. Бір-бірізіміздің қай
жерде туғанын жақсы білгенмен, қай жылы туғанын, қай жанрда жазатынын білгенмен,
қандай шығарма жазғанынан атымен бейхабармыз. Содан да болар, жастар жайында
лебіз білдіруіміз сирек. Өз басым да жас буын әріптестерімнің бәр-бәрін қадағалап
оқып жүрмін деп айта алмаймын. Алайда мына сіздердің буындарыңызды Күләш, Ұлықбек,
Мұхтар , Төмір хан, Кеңшілік, Дүйсенбек, Жарасқан, Шөмішбай, Серік, Исраил,
Несіпбектердің творчествосынан тап анау айтқан мақұрым да емеспін. Бұл  буын күні бүгінгі поэзиямыздың омыртқаның жұлынындай
жанды жері деп білемін. Ендігі талпыныс пен табыстың көбі де осыларға байланысты
болуы хақ. Оған, ақылдары болса, алдағылар да, арттағылар да апшымас. Жілік
майы жетісіп, сүйектері бекіген Бұндай 
буынға үміт артпағанда кімге артамыз?! «Өйтпейді, бүйтпейді», - деп
біздерге көңілдеріңіз жете бермейтін еді. Оларыңыздың реті де бартын. Енді,
міне, өздеріңіз де аға болып қалыпсыздар. Сіздерге де тықыр таянайын деген бе қалай?
Серік Ақсұңқарұлы, Есенғали Раушанов, Аманхан  Әлімов, Байбота Серікбаев, Жүрсін Ерманов,  Абзал Бөкенов, Гүлнар Салықбаева, Мәди Қайыңбаев,
Мейірхан Акдәулетов, Светқали Нұржанов, Ертай Ашықбаев, Шәкизада Әбдікәкімов,
Тыныштықбек Әбдікәкімов... Қай-қайсысының да сөз саптауынан орашолақтық, аяқ
тастасынан солқылдақтық таба алмайсыз. Әдетте, жас қаламгерлердің жүрісі жүре
келе түзелетін еді. «Бұлардың жүрісі тек жүре келе бұзылып  кетпесе екен», - деп тілейтіндейсіз. Қазіргі
лириканың бірде плакатқа, бірде декларацияға ұрынбай, жанрлық жағынан сүзіліп тұнуына,
бір өңкей көңіл күйіне, жан сырына айналуына, қазіргі поэманың ұйқастырылған
очерк, әңгіме, повесть емес, шынайы рух драмасына айналуына, поэзиямыздың түрлік
жанрлық құл ыруымен қоса, концепциялық салауаттылануына кейінгі екі буын айрықша
үлес қосты. Бір кезде М. Әуезов университеттегі поэзия мейрамына келіп: «Пәлі,
біздің ақындар қалықтай бермей, қонатын болыпты», - деп қуанғаны бар еді. Сол
айшықты ойды малданып айтсақ, бүгінгі өлеңнің шындық материгін байыздап
мекендегені сонша, оны терең бұрынғыдай үңгіп қазатынды шығарыпты. Ал қазіргі
прозамыздың да жүгінің дені жас күштерге түсе бастағаны белгілі. Сонын арқасында
осы заманғы прозаның поэтикалық арсеналы батыл игеріліп жатыр. Бұрынғы баяндау
суретті ретроспективаға, бұрынғы лирикалық шегініс кейде пси-хологиялық талдауға,
кейде сана ағымына, кейде эстетикаға, бұрынғы композициялық тұйықтық жарыспалы коллизиялардың
спиральды шиыршық атуына, бұрынғы идеялық түйіндеу концепциялық зерделеуге ұласуда.
Поэзия адамдық болмысымыздың тұңғиығына үңілсе, проза елдік болмысымыздың тұтастығын
сомдайды. Бұл  ретте «жаңа тарихымыздағы»
«ақ тандақтар» мен рухани трагедиялары О. Бөкеев, Т. Әбдіков, Б. Нұржекеев, С.
Елубаев, Б. Мұқаев, Қ. Мұқанбетқалиев, Ж. Түменбаев, Б. Шахановтардын
беллетристикалық тұрғыдан, А. Сейдімбеков, Б. Қойшыбаев, Т. Жұртбаев, С.
Байжанов, Р. Отарбаевтардың деректілік, эссеистикалық тұрғыдан үлес қоспақ мақсаттары
әдебиетімізге жаңа тыныс, жаңа беталыс әкеледі деп сенеміз. Кеше ғана өзіміз
кешіп өткен дәуірдің ой қырына ойлана көз салған Д. Исабеков, Қ. Ахметбеков М.
Сқақбаев, Т. Нұрмағамбетов, М. Қаназов, А. Мекебаев, С. Асылбеков, Н. Дәутаев,
К. Түменбаев, М. Құлкенов Т. Момбекұлы, М. Байғұтов, А. Смаиловтардың жаң дүниелері,
3. Ахметованың Бауыржан батыр туралы соны жүйе, тосын түйінді туындысы қазіргі
рухани зәруізімізді жіті анғаруларымен қуантады.
Қысқасы, қай жанрда да бәсеке
енді қыза түспек. Оған жаңа буын суреткерлердің көптеп келуімен қоса, атыме тың
проблемаларға,  батыл көркемдік
пайымдаулары кеңінен жол ашылуы игі әсер етпек.
Әдеби ортадағы ахуалдың сауығуына
осы қызу творчестволық жарыс оң септігін тигізе ме деп үміттенеміз Жылы сөзді бүгін  естімесек, 
ертең естірміз. Ол үші күнделікті творчестволық процесті байыптауда барш
буын бірдей белсенділік, бірдей принциптілік, бірдей жанашырлық   көрсетсе  
лазым.    Төрдегіміз   жілікке, төмендегіміз сарқытқа місе тұтпай ,
жұрт  томпайысқанна ұтпаймыз.   Жылы  
сөзді бүгін естімесек, ертең естерміз. Ол үшін бәрізіміздің деніміз
жайылар күншуақты атмос-фера, әділетті қарым-қатынас керек. Ол бопсашылдықпен
емес, талапшылдықпен, ыққа жығылумен емес, аққа жығылуымен орнайды.
- Әбіш аға!.. Бала кезімде
естіген бір аңыз есіме түскені...
Жаратушы - Алла-тағала
адамзаттың күллі нәсіліне ырыздық-үлес таратыпты. «Бұйырған - қашпас» деп ырғалып-жырғалып,
сонау ит арқасы қиянынан кешігіп жеткен қазақ бұл  үлестен құр алақан қалыпты. Ұлы дәретіне зор
келсе де, бәлесін біреуге артатын байырғы әдетіне басып, ата-қазақ кешігіп
келгенімен тұрмай, үлестіре-үлестіре қолындағы асатаяғынан басқа түгі қалмаған
Алла-тағаланың өзін күстәналап,«Түк бермейтінің бар, мені қатарынан кем қылып,
несіне жараттың!», - депті. Алла-тағала ойланып-толғанып: «Қой, Мұныкі де дұрыс  шығар, расында да бұл  пендемді һәм жаратқан өзіммін ғой, өзім
жараттым екен, өзегімді суырып берсем де, бір амалын табайын?!» - деп, қолындағы
асатаяғын сыйлапты. Бірақ, қазекең: «Мына екі айыр басты қу таяғыңмен мен не көсіп  қылмақпын!» - деп місе тұта қоймапты. Сонда
Алла-тағала тұрып қазаққа: «Мұның  сап жағымен
малыңды қайырып, айыр жағымен біріңді-бірің артыңа түртіп ермек етесің!» деген
екен. Сол асатаяқтан күні бүгінге дейін құтылар түріміз жоқтай?!..
- Ащы, тым ащы сөз. Алайда табиғат
суреткерді өз халқының көңілін көтеріп жүретін сайқымазақ, шашбауын қалмай, өзін-өзі
қайрап, алға ұмты-лып отыруына ықпал ететін сергек те сезім тал рухани сардар
болсын деп жаратқан ғой. Содан да ма екен, мұндай  сезді Асан Қайғы да, Махамбет те, Абай да, Сұлтанмахмұт
та айтқан. Мұхтар  Әуезов шығармаларында
да жеткілікті. Біздердің де талай-талай тапсынғанымыз бар. Қысқасы, басқа жұрт қа
барсақ, бақташы не бақыршы болуға жараймыз ба, жоқ па, әйтеуір, өзізімізді өзіміз
тілдеуге шетімізден Мәтіби болып алдық. Бірақ, Мұндай да көне гректердің
біреуінің: «Жылама да, күлме де, байыбына бара біл!» - деп сөзін  ұмытпаған 
жөн.
Байыбына барар болсаң, бүгінге
дейін дәуірлеп келген марксизмнің өзі де кез-келғен келеңсіздікті, әсіресе, ұлттық
және ұлтаралык, сферадағы келеңсіздікті белгілі бір кісінің, не ұлттың  таза психологиялық спецификаци-ясына жаба
салмайтын еді ғой. Ондайларды ұлттар мен халықтардын өз бастарына аударып
тастап, бұл ай болуына тікелей себепші болып отырған нақты қоғамдық-саяси тәжірибені
жауапкершіліктен арашалап қалуға тырысатын буржуазия идеологтарын қатты сынаушы
еді ғой.
Бізде әлгі келеңсіздіктерге осы
тұрғыдан үңілсек, олардың сырына халқымыздың жаратылысына емес, тарихи тағдырына
қарап түсінер едік. Жекелеген пұшпақтың болмаса, көп мекені көшпелілік тұрмысқа
ыңғай жаратылып, дәулеті - малы, уәйімі - өрісі болған елдің етек-жеңі қайдан
жып-жинақы келе қойсын?! Бастарын біріктіріп, тұтас  отыруға ақылдары  жеткенмен, жағдайлары көтермеді. Ел қамы қайта-қайта
қосып отырса да, өріс пен суат қамы қайта-қайта шашып отырды. Содан ұлғайған кеңбайтақ
қоныска жан-жақты көзалартуш ылар да көбейе түсті. Оның үстіне іргеге көп ат
басын тіреген капитализм бізден гөрі саны мол әрі киіздей ұйысьп, тұтас отырған
қытай, үңді, араб жұрттарын да бөгде ықпалға кіріптар етті. Біздің бабаларымызға
не күші басым басқыншы көршілерізіміздің біреуінің табанының астында
тапталудан, не өз еркімен сырткы дүниеден одақтас іздеуден басқа амал қалмады.
Табылған одақтасымыз, біздің бала жастан К. Маркс пен Ф. Энгельстан оқығанымыздай,
цивилизаторлық қызмет атқара алар мүмкіңдігі бола тұра, біздің қабырғалы
елдермен қатар дамығанымызды қаламады. Декабристер, басқа да демократияшыл күштер
отаршылдық езгіге қарсы шыққанмен, патшалық самодержавие 1822, 1824, 1868 жылдардағы
қазақ далаларын билеу жөніндегі реформалар нәтижесінде әуелі әлсіз де болса,
мемлекеттік ұйтқымызды жойып, ұлтгық тұтастықтан, сосын әр ұлысымызды әр бөлек губернияға
қосып, территориялық тұтастықтан айырды, одан кейінгі уездік, болыстық жүйеге
жіктеу, болыс сайлау, старшын сатау тайпа араздығын былай қойып, рулық аталастық
бәсекені қоздырды. Сөйтіп, орыс мәдениетінен ауызданбай жатып, самодержавиелік
бюрократизмнің қақпақылына ұшырадық. Кітап окудан бұрын жоғарыға арыз
домалатуды үйреңдік. Абайдың; «Барып келсе Ертістің суын татып, беріп келсе бір
арыз бұтып шатып», - деп ызаланатыны, білігі асқан Шоқанның байлығы асқан
Есенейге есесі кететіні, Исатай мен Махамбеттің теңдік таба алмай, найза сүйретуге
мәжбүр болатыны - бәрі бір түс. Сенің алгі айтып отырған аңызың соның бер жағында
болмаса, арғы жағында туа қоймаған шығар. Әйтеуір, содан бері арыз бен арызшының
басынан дәурен етіп көрген жоқ. Өйткені, әділет аяққа басылған жерде араздық өрбиді.
Араздық бар жерде арыз қайдан құрып кетсін. Ал, Лениннің өзі «халықтар түрмесі»
атаған мемлекетте, «құдайға шүкір», араздыққа да, арызшылдыққа да «жағдай жасалды».
Ол індетген қапелімде социализм де сауықтыра алмады. Сөз жүзінде айтылған қағидалардың
ұзамай-ақ қатаң қадағаланбай, көрер көзғе бұрмалануы әлеуметтік әділеттіліктің
бұзылуына әкөп соқтырды. Одан кейін қайтадан арызқойлық, жалақорлық, пәлеқорлық
қаулады. Отызыншы жылдардағы жоғарғы эшелондағы билік үшін талас, жаппай қырып-жою
бұл  кеселдерді белгілі мөлшерле әлеуметтік
патологияға айналдырды. Төменгі жақ әлеуметтік белсенділікті кей ретте астыртын
не ашықтан-ашық пәлеқорлық деп түсінді. Оған бүкіл едде жоғарыдан бастап
орнатылған әсіресенбеушілік, әсірекүдікшілдік ахуал себепші болды.
Сонымен бұл  арада да ешбір халықтың, соның ішінде біздің
халықтың да атымен жазығы жоқ. Бар гәп - экономикалық басқаруда әсіресе орталықтандырудың,
әлеуметгік өмірде әкімшілдік-төрешілдіктің жел алып кетуіқде. Ол екеуі өзгермей
тұрып, жоғарының төменге, орталықтың шет ай-мақтарға сенбеуі де өзгермейді.
Содан барып, жеке адамға табынушылық жағдайында айтқанды екі етпейтін әлеуметтік
етекбастылық, тоқырау жағдайында сырт айнала беріп, алдап кететін әлеуметтік көлгірлік
өрбиді. Жоғарыдан жіберілген жоспардың шикілігін төменгі  жақ көре тұрып, көрмегенсиді. Төменнен барған
ақпардың шикілігін жоғарғы жақ біле тұрып, білмегенсиді. Өйткені, түбі шикі жоспардың
түбі шикі орындалатынын екі жақтың да іші сезіп тұрады. Сөйтіп, көзбояушылық
тіпті мемлекеттік саясатқа айналады. Ондай жағдайда қолдарына билік тигендердің
хәлінің де түсінбейтін ештеңесі жоқ. Өздері де біреулерді амалсыз аддайды, өздерінің
көздеріне біреулер амалсыз «шөп» салады. Өздері де біреулерге құрақ ұшады, өздеріне
де біреулер қоғадай жапырылады. Сөйтіп, «көлгірлік» биліктің тек сырткөз
кейпіне емес, ішкі әлеуметтік мазмұнына айналады. Мұндай  қайткен күнде де жоғарының көңілін табу
психологиясы экономикада - қосып жазушылыққа, идеолоғияда - әсіресақтыққа,
тіпті асыра сілтеушілікке, саясатта - принципсіздікке, тұрмыста - бақңұмарлық
пен пайдакүнемдікке, моральда - рухани күйкілік пен пәлеқорлыққа ұрындырмай қоймайды.
Ондай жерде әділдік қалай бүзылмайды, араздық қалай тұтанбайды. Мұндай  ситуацияда кез-келген жаңа бетбұрысты біреулер
өз жағдайын одан әрі жақсартып алуға, біреулер есесі кеткендерден өш қайтарып қалуға
пайдалануға тырысады. Содан көп онсыз да берік емес ара-жік одан сайын ырсия түседі.
Ситуацияны бұлай пайдалану - әлеуметтік эгоизмнің ісі. Ал революциялық қайта
жанғыру эгоистік емес, альтуристік моральды қажетсінеді. Ендеше, қай-қайсымыз да,
ең алдымен, жаңа бетбұрыстың кешегі «ризалардың» не «кешегі риза еместердің» ұпайын
түгендеп беруді емес, күллі қоғамды жаңаша дамытуды көздейтінін мықтап есте ұстауымыз
керек. «Есеп айырысып» қалуға тырысатын бөліне ж ылушылыққа емес, ортақ жаңа мұраттар
жолында жұмып еңбектенетін ынтымаққа ұмтылуымыз қажет. Оны ескермеі кешегі гөйгөйдің
соңынна жүре берсек, не бәз-баяғы тазпымызға қайта түсеміз, не алма-кезек топырақ
асып жатап итырқылжың итжығыстардан көз аша алмаймыз. Сосын барымыз да, не «жоғарыға
жолданар ала қағазға» шоқынамыз, «әуелден құдай 
қарғапты-мыс жұртымызды» қайтадан күсте налаймыз.
Ал шындап келсек, осының бәріне
халықгьщ қандай қатынасы бар? Бір кезде азулының аузындағы, қарулының алдындағы
өрісі мен малына бірге араша тусу үшін аталастықты, руластықгы куйттесе, күйттеген
шығар. Енді көп сол бабала-рымыздың басқа қасиетгерінің бәрін, тіпті  тілін де ұмыта 
жаздап отырып, тап сол үрдісіне қаншырдай қадалып, айырылмауымызға жол
болсын?! Соншалықты баба жолына ұқыпты болсақ, оның ынтымаққа, бас бірікгіруге
бағышталған қағида-лары мен дәстүрлеріне неге мұқият емеспіз?! «Өзін-өзі мақтаған
- өлімнің қара басы», «сүйек қорлап, абырой асырмайсьщ, көңіл жығып, мерей
таппайсың», «алыстан келгенге төрінді, жақыннан келгенге жаныңды, бауырыңнан шыққанға
босағаңды ұсын», «терезесі тең санасаң, сені де ешкім кем санамайды», -
дегендерін неге ескермейміз?!
Қысқасы, біздің басымызды қоспай
жүрген - жеріміз де, суымыз да, бабаларымыз да, алла-тағаланың әу баста ұстап-тыпты-мыс
«асатаяғы» да емес, өзіміз. Қай-қайсымыздың да тендікке емес үстемдікке, әділдікке
емес өктемділікке ұмтыла тын өзімшілдігіміз. Тиылсақ, содан тиылайық! Кімнің қайда
туғанына, қашан туғанына қарамай, естіні іске, есерді есікке сілтейікші, әділет
орнар ма екен, орнамас па екен?! Тек әділет қана бәрізіміздің мүддемізді бірдей
жүзеге асырып, бәрізіміздің көсегемізді бірдей көгертеді. Бетбұрыстың да әділетті
ту қылып көкке көтеретіні сондықтан. Тек солай ғана бас біріктіріп, ақыл түгендесуге
болады. Ал бұл  тек бір халықгың емес, көп
ұлтты  қоғамымыздың татулығын ойлау болып
табылдды. Өйткені, күллі қоғамдық ынтымақ кісіаралық та, ұлтаралық та әділеттілікті
талап етеді.
Бұл  бір көнеден көкейімде жүрген, қанша ардаққа
қойылағанымен жұбанарлық жауабын таппаған, соның үшін
де жанымды жегідей жеген, көңілімді купті қылған неқо-
лайлау сұрақ еді: көбіне-көп ел билегеннің есінен адасып,
халық басқарғанның «құдайын» ұмытып  кететіні
қалай?..
Әскери-аристократиялық
феодализмнен абсолюттік
монархияға, одан демократияны күйттей алмай, таптық күрестегі жеңісті малданып,
тоталитарлық диктатураның гөмпешіне қайта тап болған елде социалистік
принциптердің өзі адам танымастай боп өзгеруінің сыры да сол - билікті тарих
алдындағы жауапкершілік деп емес, қолда барда шалкып қалатын көшпелі бақ деп,
кез-келген цивилизациялық қоғамға тән тәртштілікті тәменнің жоғарыға, шеттің
орталыққа, орыныңдаушын тапсырушыға, аздың көпке, көптің бастаушыға басыбайлы тәуелділігі
деп ұғынуында емес пе?!
Жауапкершідік артуды тек төменнен
жоғары қарай көкке өрмелете беру, сенім көрсетуді тек қаделі биіктерге мәңгі бақи
қадап қою деп ұғатын көзқарас орныққан қоғамда әлеуметтік мерейдің биіктеуі
жолындағы ыждағат пен ізденіс тек лауазым қуалаған баққұмарлыққа айналмай ма?!
Ал баққұмарлық пен данқұмарлықгың
жолына біржола түсу - кез-келген пендені дарақылыққа ұрындырмай ма?! Бағы мен
даңқы өскен сайын дарақылығы да әспей ме? Даңқтың ең асқар биігіне осындай
жолмен тап болған адам ең үлкен дарақы адам болмағанда кім болады?!
Ал «құдайын» ұмытпаса, дарақы
дарақы болар ма еді?!
Гәп шалқақтағандарда емес, жөргектен
біржолата бауыр кетермей қалғандай, бойын тіктей алмай енкейе беретіңдерде, еңкектерде...
Дарақылар солардың еңкек бастарып
саты, жарамсақтардың жалтақ бастарын тіреу қып көкке өрмелейді. Бұдараның саяси
мәдениеті жетіспеген жерде, көсемдердің астамсып кетуі мүмкін екендігін ғылыми
коммунизм негізін салушылар баяғыда-ақ айтқан. Көкке өрмелеген дарақылар күңдердің
күнінде әз обалын өзі көреді. Ад еңкектер мен жалтақтарды - мына біздер мен
сіздерді - кім тікейтіп, жалғанның бетіне тура қаратады?
Ол тек шындықтың ғана қолынан
келеді. Жариялылық деп жүргеніміз де сол, заңдылық пен гуманизм принциптерін
берік тұтынатын праволық мемлекет орнатамыз дейтініміз де сондықтан. Жұртты тек
әділетке ғана табынтып үйретуіміз керек. Әділеттің атасы - шындық. Шабыттың да
тәңірі мен тәңір анасы - шыңдық. Одан тек жазу столының басында ғана емес, жарық
дүниеде ғұмыр кешкен әр сағатымызда, жер басқан әр қадамымызда адасып қалмауға
міндеттіміз.
Сонда ғана біз суреткер
атымызды, азамат атымызды адал алып жүре аламыз.
- Әңгімеңізге рахмет!
 
Сұхбаттасқан                                                    Иранбек
Оразбаев.  1989 жыл.