ВЕРНУТЬСЯ

Сәби келді, дүниеге сәби келді,Бір-бір хабар тарайды әр үйге енді.Бір-бір шаттық құшақтап туыс жандар,Күй табақтар ойнайды «Наригенді». Той болады, қуаныш тасып бүгін,Абыр-сабыр күшейер, қашып тыным.Ұзақ ғұмыр тілесер тойшы қауым,Аспанының тілейді ашықтығын. Ақ тілектер көлкөсір ақтарылып,Жат тілектер үлгірер шаққа бұғып.Ата-ананың жүрегі лүпілдейді,Көзге елестеп нәресте жаққан үміт.Ән-күймен, шат күлкімен таңды атырып,Қызады шілдехана ардақ ғұрып.Ұлы дырду үстінде қояды жұртБір сүйкімді есімді таңдап тұрып. Шай қайнатып, қой сойып, күбі пісіп,Абысындар қалар бір жүгірісіп.Ыдыс-аяқ оң-солды сабылады,Қоярдай жұрт бәрін жеп, бүгін ішіп. Иіп ылғи алдында тау-шың басын,Ете алмайтын өзгенің даусын басым-Шілдехана бітпесін жер бетіндеШілдехана қызығы таусылмасын...