ВЕРНУТЬСЯ

        Тұрды әлем нәрестенің тыңдап әнін,

Сәбилік бесігінде "іңгәладым".

Еңбектеп, одан кейін жар жағалап,

Төсінде тәй-тәй тұрдым бұл даланың.

Қайда да қарсы алдымнан шығып ақ таң,

Болған жоқ дұшпаным да бұғып атқан.

Өмірдің өзі ұсынды әліппені,

Ақырын аударып aп шыбық аттан.