ВЕРНУТЬСЯ

Махаббатты қорлама,Сүйгендерді қадірле.Сүймегенді зорлама,Жол берме еш жебірге. «Сүйем» деген жігітті,«Сүйгішін» деп, күлдің сен.Үлпілдеген үмітті,Қуаныш па – бүлдірсең?! Сезімдерден гүл еккен,Сергектікті білмепті.Сүйе алмаған жүрекпен,Пәк көңілді кірлі етті. Қаламаса жүрегің,Ұнатпасаң өзің де.Іштегінің түгелін,Көрсетпей ме көзің де. Көңілден бер қонысты,Адамдық бір ғұрыпқа.Сүйгендерге борышты,Екеніңді ұмытпа!