ВЕРНУТЬСЯ

        Табыстық. Екеуіміз де көктем едік.

Бір кештік су демедік, от демедік.

Соншалық ұғысқаннан,

бірімізге

біріміз тіл қатпай-ақ өкпеледік.

Оянып сүйіскенде ала таңнан,

сезімдер мөлдір шықтай жаңа тамған,

ұғамыз қос жүректің тіл қатысын

иыққа тиіп кеткен алақаннан.

Ол менің (сенің де!) өшпес кезім ыстық.

Бақыттан көрмейді әлі көзіміз түк.

Мен мұнда, сен жырақта жүргенде де

біріміз бірімізді сезіністік.

Рахат теңізінен жүзіп ішіп

келеміз.

Кетті талай мұз ығысып.

Көре алмас көздер ғана көлденеңдеп,

біреулер қадалады қызығысып:% -

Өзіңсіз қызықтырмай мені еш мекен,

сенімен жұмақты да елестетем.

Ал жұрттың таңдануы -

мұндай сезім

тым сирек бір құбылыс емес пе екен?

1968