ВЕРНУТЬСЯ

           Тастайтын талай дастан жазып бүгін,

Білмеймін өліміңе жазықты кім?

Өзіңді өжет қазақ деп жүргенде

Сезбеппіз жүрегіңнің нәзіктігін.

Дейміз-ау ерте үзілді бекер демің,

Бір жырлап мынау күнді кетер ме едің.

Соғыстың төрт жылына төтеп беріп

Бір күнін Желтоқсанның көтермедің.

Ақынға жараспайды өлді деген,

Қалды ма лайланып мөлдір өлең.

Жүрегің жазылар ма ед көрсең егер

Көк туын еркіндіктің желбіреген!