ВЕРНУТЬСЯ

    Заводта болсаң,
күнбе-күн

көрінер еді
табысың.           

Дәрігер болсаң,
түрлі емің -

сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек
жемісің

өзгеше тіпті
басқадан:

ол - өзін арнап
ел үшін

осынау жүрген
жақсы адам.

Жақсы адам -
елдің тірегі,

байлығы туған
халықтың,

шапағын шашар
үнемі

көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын
шертесің,

тағдырын ойлап
толғанып.

Әр үйдің бір-бір
еркесін

үйреттің өзің
қолға алып.

Ұстазсыз
жанда сөнбек күн,

шәкіртсіз өмір -
сусыз жер.

Көрінбес ғажап
еңбектің

бейнетін кешіп
жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің,

жанымнан жалын
жігер күт.

Ұстазым,
сенің әр күнің,

әр сәтің тұрған бір ерлік!

1957