Мағжан депті
біздің Бәкең баласын,
Қарашығым, бүлдірген бөбек, адасым!
Сұрайсың ғой: «Қайдан келдің, аға?- деп,
Енді қайда жол тартып сен барасың?»
Бұл сөзіңе мен
айтамын, қарағым:
Ойдан шықтым,
ойға тағы барамын.
Көптен өзін
ұстамап ем қолыма,
Тотыққандай
болды мынау қаламым.
Оқасы жоқ, тотықса, енді ашылар,
Қаламымнан тағы сөзім шашылар.
Сен, бөбегім,
ержетерсің, өсерсің,
Толқындар да толқып-толқып басылар.
Мен туғанда ақын ағам келді де,
Келіп, маған ақ
батасын берді де.
Өс, бөбегім, жас балауса құрақтай,
Өмір - керуен, бір сәт тоқтап көрді ме?!
- 79 просмотров