(Орыстан) - Жыршы құс, тілімді алып, келші мұнда, Жасыл шөп, жасыл ағаш қалсын онда.Қапаста жаның тыныш отырасың,Жазы-қыс жейтін ұрық бәрі қолда.Мен сені жан досымдай қадірлеймін, Ерінбей, тамағыңды әзірлеймін.Мөп-мөлдір саф күмістей, тәп-тәтті суКүнде ерте, жалғаны жоқ: «Әзір!»- деймін.Ас-суың керегінше даяр қылам,Кем-кетік жерің болса, даяр тұрам.Жаз жетсе - қорқынышсыз, қыс уайымсыз,Далада мың қорқыныш, суық боран.Аңшы да мылтығымен ата алмайды, Қаршыға жақындауға бата алмайды.Күн ұзын жырың жырлап отырасың,Басқа жан мұндай рақат таба алмайды.-Жоқ, мырза, бұл мақтаған қапасында, Кірмейтін боран, суық лапасыңаБермеймін қалың ағаш, өзен-суды,Келсе де мың бір пәле бұл басыма!Жайнаған түрлі гүлмен кең даламды, Қай жаққа ұшсам-қонсам кең даламды,Балақай, асу-суыңмен сыйланам деп,Жанымнан, өз еркімнен құр қалам-ды.-Кең дала, қалың ағаш, аққан бұлақ, Сүйкімді маған-дағы жасыл құрақ.Құсеке, соны ойлашы, суық болса,Қыласың үсіместей қайда тұрақ?Кетемін онда ұшып жылы жаққа, Қысы-жаз қар жаумайтын біздің баққа.Қар кетіп, сіздің жақта жылы болса,Қайтадан ұшып келем ескі таққа.-Адассаң жазатайым жолдан шығып, Құр тоңып өлмейсің бе боран соғып?-Шырағым, оның үшін қорқа қойма,Жасаған жол көрсетер қайырым қылып.
- 145 просмотров