ВЕРНУТЬСЯ

Жүрек неге ауырады қимаса,Қыстай ма екен сезім ішке сыймаса,.!Сағынышын,Ықыласын көп күндер,Төкпей-шашапай,Шашыратпай жинаса..? Күткен бейне көзге түспей қамықсаң,Жаның неге тыпыршиды зарықсаң..?Секілденіп сол тірліктің кіндігі,Әлемдегі баға жетпес жарық шам... Безек қағып,Ада болып сабырдан,Қасірет ішіп,Сөгіледі қабырғаң.Асықтырып,Өзегіңді өртейді,Ыстық жалын лап-лап ұрып тамырдан.Көңіл неге қобалжиды күпті боп,Кей шақтарда азабы оның тіпті көпЖалғыз күйдің құрбаны боп кетеді-ау,Бұл өмірде жоқтай өзге құт-тілек. Айнымайтын алуан күйлі тайгадан,Жүрек сыры көрінбейді айнадан.Кейбірде ол қатпар-қатпар жер сынды,Өртке бастар жанартаулар жайлаған...