- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Оралда орман ішінде адасқандар құтқарылды
Бүгін сағат 14.40-та Оралға қарасты Серебряков кенті маңында 75 жастағы ер адамның және 63 жастағы әйел адам мен 6, 9 және 10 жастағы бүлдіршіндердің жоғалып кеткені жөнінде хабар түскен.
БҚО ТЖ департаментінің жедел құтқару жасағы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сол бойда 9 адам, 2 техника, қос кинологтан тұратын топ іздеуге шығады.
Құтқарушыларда адасқан 10 жасар қыздың телефонының нөмірі ғана болған.
Жеміс-жидек жинау үшін орманға кірген тұрғындар адасып кеткен. Екіге бөлінген құтқарушылар тобының тыңғылықты іздеуі нәтижесінде жоғалғандар табылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.
http://www.inform.kz
- 77 просмотров
Добавить комментарий