Оралда орман ішінде адасқандар құтқарылды

Бүгін сағат 14.40-та Оралға қарасты Серебряков кенті маңында 75 жастағы ер адамның және 63 жастағы әйел адам мен 6, 9 және 10 жастағы бүлдіршіндердің жоғалып кеткені жөнінде хабар түскен.

БҚО ТЖ департаментінің жедел құтқару жасағы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сол бойда 9 адам, 2 техника, қос кинологтан тұратын топ іздеуге шығады.

Құтқарушыларда адасқан 10 жасар қыздың телефонының нөмірі ғана болған.

Жеміс-жидек жинау үшін орманға кірген тұрғындар адасып кеткен. Екіге бөлінген құтқарушылар тобының тыңғылықты  іздеуі нәтижесінде жоғалғандар табылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз