Тіршіліктің алтын толқын өзені
Көк аспанның көкірегінен бас алған,
Бұл әлемнің өзі - ақ жалғап езегін,
Келе жатыр қарық қылып қашаннан.
Жер түбінен өліп - өшіп өбеді,
Сылап - сыйпап өмір - сәби маңдайын.
Күн желінін үсті - үстіне емеді
Жапырақтар тақылдатып таңдайын.
1962.
- 68 просмотров