- Главная
- Новости
- Справочная информация
- Наш город
- О сайте
- Әдебиет
- Объявления
- Метко сказано
- Алаш-100
Оралдағы орта мектепте орын алған оқыс оқиғаның себеп-салдары анықталуда
27 қыркүйек күні Орал қаласындағы №26 орта мектепте оқыс оқиға орын алған.
Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, сол күні белгісіз біреулер мектеп ішіне газ баллоншасын шашып кеткен. Оны сағат 07.40-та техникалық қызметкер байқап, сол бойда шұғыл шаралар қолға алынған. Барлық оқушылар сабақтан босатылған. 7 бала мен аталмыш техникалық қызметкер ауруханаға түскен. Қазір олардың бәрінің де жағдайы жақсы, үйлеріне жіберілген.
Күні бүгін оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде. БҚО ішкі істер департаменті бұл жөнінде әзірге мәлімет бере қойған жоқ.
http://kazinform.kz
- 62 просмотра
Добавить комментарий