Оралдағы орта мектепте орын алған оқыс оқиғаның себеп-салдары анықталуда

27 қыркүйек күні Орал қаласындағы №26 орта мектепте оқыс оқиға орын алған.

Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, сол күні белгісіз біреулер мектеп ішіне газ баллоншасын шашып кеткен. Оны сағат 07.40-та техникалық қызметкер байқап, сол бойда шұғыл шаралар қолға алынған. Барлық оқушылар сабақтан босатылған. 7 бала мен аталмыш техникалық қызметкер ауруханаға түскен. Қазір олардың бәрінің де жағдайы жақсы, үйлеріне жіберілген.

Күні бүгін оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде. БҚО ішкі істер департаменті бұл жөнінде әзірге мәлімет бере қойған жоқ.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз