15 жасар қызды зорламақшы болған БҚО тұрғыны 8 жылға сотталды

Кәмелетке толмаған қызды зорламақшы болған облыс тұрғыны сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 32 жасар тұрғын араққа сылқия тойып алып, 15 жасқа жаңа толған өз балдызының арын аяқасты етпек болған. Ата-анасының жұмыста, қыздың үйде жалғыз екенін білген ол балдызын күшпен шешіндірмек болады. Бірақ қыз көнбей, темір кілтпен ұрып жібергенде, зорлықшы тепе-теңдікті сақтай алмай, жерге құлап түседі. Сол сәтті пайдаланып, қашып шыққан қыз көршілерден көмек сұрап үлгереді. 
Сот-медициналық сараптамаға сәйкес қыздың денесінде түрлі жарақат іздері қалған.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімі және 120-бабы 3-бөлімі бойынша айыпты деп тауып, жазасын сегіз жыл қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге, сонымен қатар маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге кесті.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз