19 бала мен 3 ересек адам белгісіз газдан уланып, ауруханаға түсті - БҚО

Бүгін Бөрлі аудандық ауруханасына 19 бала, үш ересек адам түсті.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олар Березов ауылындағы орта мектепте белгісіз газдан уланған, қазір жағдайлары қалыпты. Оқиға орнында экологтар, денсаулық сақтау, тұтынушылар құқығын қорғау, ішкі істер, прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жасауда. Аудан әкімі төрағалық ететін жедел штаб құрылды.

Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұловтың жетекшілігімен жедел штаб іске кірісті.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары, қандай газ екендігі анықталуда.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз