Ағасына қонаққа барамын деп, азапқа батты - БҚО

Ресейдің Саратов облысындағы Александров-Гай ауылында тұратын ағасының үйіне қонаққа бару Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы тұрғынының басына қайғы болды, деп жазады БҚО облыстық сотының баспасөз қызметінен. 

Іс материалдарында көрсетілген анықтама бойынша, Қазталов ауданы Жаңатаң ауылының тұрғыны Александров-Гай ауылында тұратын ағасына бармақшы болып, Жаңатаң - Александров-Гай тас жолы арқылы екі елдің шекарасынан заңсыз өткен. Ағасының үйіне жеткенімен, бірнеше күннен кейін, Ресей шекара қызметкерлері «құжатсыз шекарадан өттің» деген айыппен оны шекара пунктіне алып кеткен. Келіп жеткен Ресей Федерациясының полиция қызметкерлері оны алты ай қамауға алған. Кейін қамаудан босағаннан кейін, ол тағы да ресей-қазақстан шекарасын заңсыз өтіп елге оралған. Бірақ, ол Қазақстанда да жауапкершілікке тартылды.

Қазталов аудандық сотының үкімімен ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 330-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылып, шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы  кесілді. 1 жыл сынақ мерзімі тағайындалды. 

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз