Ақсай қаласында атысқандар сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ж.Тұңғатаров, Ж.Зинатов, А.Зұлқашевқа қатысты үкім шығарды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған үшеу биылғы 15 наурызда Ақсай қаласындағы «Ривьера» мейрамханасында жанжал шығарып, атыс қаруын қолданып, қашып кеткен.

Д.Едігеновті өлтіруге оқталған Ж.Тұңғатаров ҚР ҚК 215-бабы 1-бөлігі, 96-бабы 2-бөлігінің «а, е, и» тармақтары бойынша айыпты деп танылып, қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеуге 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Мойын тұсынан оқ тиген Д.Едігенов дәрігерлердің уақтылы да білікті көмек көрсетуі арқасында аман қалды.

Ж.Зинатов пен А.Зұлқашев ҚР ҚК 257-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, Ақсай қаласының тұрғындары Мұқаев, Едігенов, Оразғалиевке атыс қаруын қолданып, бұзақылық жасағаны үшін әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза белгіленді.

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз