Ақсайда атыс болды

Ақсай қаласында 15 наурыз күні 02 сағат 30 минутта  «Ақсайпроминвест» автомай құю стансасы аумағында белгісіз біреулер 1986 жылғы тұрғын айдаған «Toyota Land Cruiser 100» автокөлігін аңшы мылтығымен атып, жол талғамайтын көлікпен бой тасалаған.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, соның салдарынан 1983 жылғы жолаушы мойынынан жарақат алса, жүргізуші мен 1984 жылғы тағы бір адам зардап шекпеген. Бұлар «Бейбарыс» ЖШС қызметкері ретінде «Ренко» мейрамханасы мен сондағы кафе-барды күзетеді екен.

Оқиғадан екі-үш сағат бұрын жәбірленуші жақ мас күйінде «Ривьера» кафе-барына келіп, сол мекеменің аспазын ұрады. Соның кесірінен екі ойын-сауық орнының күзетшілері арасында жанжал туындайды. Ақыры «Ривьера» кафе-барының күзетшілері заң бұзып, кек алу мақсатымен аталмыш автокөлікті атқылаған.

Қазіргі кезде оқиғаға қатысы бар барлық күдіктілер анықталып, олардың бірқатары ұсталды. Күдіктілер мінген «Toyota Land Cruiser Prado» тәркіленді.

Сонымен қатар 1988 жылғы Асхат Зұлқашев пен 1987 жылғы Жансерік Тұңғатаров іздестірілу үстінде.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз