Ақын Б.Халиолла Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды

Батысқазақстандық ақын Бауыржан Халиолла Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды.

Сырым топырағында дүниеге келген Бауыржан жастайын жыр додасына қосылып, айтыс көгінде жарқырай білді.
Бірнеше рет республикалық додаларда үздік шыққан ол жыр мүшәйраларында да жүлдесіз қалған жоқ. Талантты ақынның әр жылдары «Жұмбақ қыздың жанары», «Нәзік бұлт көшіп барады», «Жұлдыз жауған жарық түн» атты кітаптары жарық көрген. 

Батыс Қазақстанда Қазақстан Жазушылар одағына мүше көзі тірі он қаламгер болса, солардың қатарына Бауыржан Халиолла қосылып отыр.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз