Алаш қайраткері Ғұмар Қараш туралы жаңа кітап жарық көрді

Батысқазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің доценті Бақтылы Боранбаеваның «Ғұмар Қараш қоғамдық-саяси қызметі» атты кітабы Алматыдағы республикалық «Арыс» баспасынан жарық көрді.

Ғұмартанушының жаңа еңбегінде Алаш қайраткері, ақын, ағартушы, ойшыл Ғұмар Қараштың сан қырлы қызметі мұрағаттық деректер, қолжазбалар, естеліктер мен сол кездегі «Қазақстан», «Айқап» сынды мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар негізінде жан-жақты сараланған.

Аталмыш кітап Ғұмар Қараштың алдағы жылы аталып өтілетін 140 жылдығына орай шығарылып отыр. 

http://kazinform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз