Алты жасар алматылық қыз Австриядағы телевизиялық сайыста жеңімпаз атанды

Алты жасар алматылық қыз австриялық дарындылар шоуында Қазақстанды тағы бір мәрте әйгілі етті, деп жазады almaty.tv.

Софи Манасян алтын мүсін мен «Алтын үміт» арнайы сыйлығына ие болды.  Ол халық билерін билеп көрермендерді таңғалдырды. Бұған дейін де Софи жүздеген байқауда бағын сынаған.  «Созвездие Вены»  балалар мен жасөспірімдердің халықаралық байқауы  Австрияның мәдениет министрлігінің қолдауымен өтті.  Биыл оған 16 елден өнерпаздар бағын сынады.  Яғни мыңнан астам өнерлі бала түрлі номинацияларға қатысты.  Негізгілері - вокал, хореография, музыкалық аспаптар.

Кішкентай алматылық қазылар алқасы мен көрермендердің жүрегіне жол таба білді. Ұйымдастырушылар ашылу салтанатында өнер көрсету мүмкіндігін ұсынған.  «Балбырауын» атты қазақтың халық биін 6 жасар Софи бірнеше ай бойы дайындаған. Ондағы кей қимылдарды көрсету қиынға соққан екен.   Венадағы таланттылар байқауына жас жұлдыз 3 би әзірлепті.   Софи Манасян «Аққу» және дене қимылы арқылы ойды жеткізу шеберлігін талап ететін үнді биін ұсыныпты. Оның бұл талпынысы назарсыз қалмады. Нәтижесінде фестиваль алтыны мен «Алтын үміт» арнайы сыйлығы Алматы қаласының тұрғынына бұйырды.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз