Ашыққан иттер тағы 15 қойды өлтіріп тынды

5 қараша күні Теректі ауданы Подстепный ауылдық округінің тұрғыны Аман Дәуітовтің қойына тағы ит шапқаны белгілі болды.

Мал иелері қанша сақтанып, қорасын бекітсе де, амалын тауып ішке енген қаңғыбас иттер 15 қойды өлтірген. Бұдан бірнеше күн бұрын, 1 қараша күні таңертең иттер А.Дәуітовтің 64 қой-ешкісін құртып кеткен болатын.

Теректі ауданы әкімінің орынбасары Лауаз Уәлиевтің айтуынша, мал орыны Подстепный ауылдық округіне қарасты болғанымен, 3-ші саяжай қоғамдастығына тиіп тұр. Саяжайда иесіз қалған иттер ашығып, осындай әрекетке баруда. Алғашқы оқиға орын алғаннан кейін бұл аумақта 16 иттің көзі құртылды. Соның ішінде үшеуін мал иелері қойға шапқан ит ретінде таныды. Оның біреуінің иесі бар болып шықты. Сонымен қатар Подстепный ауылының өзінде 26 бұралқы ит атылды. Бұдан бұрын жыл басынан бері ауылдық округте 82 ит жойылған болатын.

«Қазіргі кезде аталмыш аумақта тәулік бойы кезекшілік қойылды. Аңшылардың көмегімен қаңғыбас иттердің көзін жою жұмысы бұдан кейін де жалғасатын болады», - деді Л.Уәлиев.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз