«Автоураган» жедел кешені іске қосылғаннан бері 43 млн. астам теңге айыппұл өндірілді

Батыс Қазақстан облысында «Автоураган» жедел кешені іске қосылған өткен жылғы қарашадан бері 43 млн. астам теңге айыппұл өндірілді.

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы Нұртай Лезовтың айтуынша, кешен қозғалыс ағынында мемлекеттік тіркеу нөмірлері арқылы жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеуден қашқақтап жүргендердің автокөліктерін сол бойда «танып», анықтап береді.

Қазіргі кезде «Автоураган-П» стационарлық кешенін алу мәселесі шешілуде. Олар «Рубеж» жүйесіндегі төрт стационарлық бекетінде орнатылмақ.

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз