Айтыста Ақ Жайықтың Дариғасы атанған Д.Мұштанованың шығармашылық кеші болды

БҚО қазақ драма театрында белгілі ақын-ұстаз, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» және Ы.Алтынсарин медалінің иегері Дариға Мұштанованың «Жүрек сыры» атты шығармашылық кеші болды.

Алпыс жасқа толуына орайластырылған шарада мерейтой иегерін өңір басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің жетекшісі Ақұштап Бақтыгереева құттықтап, игі тілектерін жеткізді.

Кеште ақынның өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Еркін Өтегенов, Ақмарал Ахметова сынды өнер иелері ән әуелетсе, Астанадан арнайы келген айтыс ақыны Жібек Болтанова жырдан шашу шашты.

Қазіргі кезде облыстағы озық мектептердің бірі болып саналатын Теректі ауданындағы «Үміт» тілдер гимназиясы директоры қызметін атқаратын Дариға Мұштанова айтысқа он жеті жасынан бастап қатысып, республикалық, облыстық жыр додаларының жеңімпазы атанды. Журналистика саласында да еңбек еткен ол кейін жазба поэзияға ауысып, «Адам жаны бір жұмбақ», «Өмір-арна», «Қос қанат» атты жыр кітаптарын шығарды.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз