Бақшадағы ғажайып қарбыз

Қоршаған айналамызда таң қалдырған таңғажайыптар көбейіп бара жатқаны белгілі. Соның бір айғағы – редакциямызға Жалпақтал ауылының тұрғыны Қатима Ізбасарова хабарласып, бау-бақшасындағы өсіп тұрған қарбыздың ерекшелігін айтып, келуді өтінген еді.

Апамыздың сөзін жерге тастамай кешкісін үйіне бардық. Әдеттегідей Қатима апамыз бау-бақшасын суаруда екен. Мен болған оқиғаны баяндап беруді сұрадым.

-Осыдан екі-үш күн бұрын Жалпақтал мешітіне тарауих намазын оқуға барған едім. Сол уақыттан бері бау-бақшам көз алдыма келе берді. Ешқандай мән бермей жүре бердім. Содан бір күні бақшамды суарып жүрсем қарбыздың үстінде екі көзді байқап қалдым. Көздің астынғы жағында араб әріптерін көріп, үйге кіріп атамның құран кітабын алып келсем бәрі сәйкес келіп тұр. Содан көршім Бахрамның араб әріптерінен хабары бар екенінін естіген едім. Соны шақыртып, араб әріптерінде 29 әріп болса сол әріптер қарбызда кездесіп отырғанын айтты. Ауылдағы молдаларға да көрсеткен. Олардың да 29 әріптің бар екенін айтып отыр. Араб жазулар күннен-күнге көбейіп келеді,-дейді біздің кейіпкеріміз.

Ия, қарбыздың қазіргі салмағы 5-6 килограмм. Оның салмағы әлі өсуі мүмкін. Біздің кейіпкеріміз бес уақыт намазын оқып, таза тұрып, таза жүріп тұратын жанның бірі. Бұндай құбылыс бір Аллаға аян. Соңғы уақытта мұндай құбылыстар көптеп орын алып отыр.

www.zhaikpress.kz, Гүлфия КӨШБАЕВА, Қазталов ауданы
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз