Батыс Қазақстанда 80 мыңнан астам адам сенбілікке шықты

Бүгін Батыс Қазақстан облысында 80 мыңнан астам сенбілікке шықты.

Облыстық ішкі саясат басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, санитарлық тазалық шаралары Орал қаласында да, облыс аудандарында да жалғасуда.

Орал қаласында «Ізгі істер уақыты» атты екі айлық шара наурыз айында басталған болатын. Бүгін Т.Масин көшесі бойында үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктермен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де сенбілікке шығып, өз үлестерін қосты.

Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, осыған дейінгі сенбіліктерде аумақтарды қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілсе, 19 сәуірде жаппай ағаш отырғызылатын болады.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз